• Басты
  • Қ.Тоқаев Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр, 2020 18:10

Қ.Тоқаев Наталья Годунованы қабылдады

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады Strategy2050.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қ.Тоқаев Наталья Годунованы қабылдады

Қазақстан Президентіне еліміздегі коронавирус пандемиясына қарсы күрес шараларына бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу жұмыстары жайында баяндалды.

Есеп комитеті басшысының айтуынша, қаржы шығындарын бақылау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте Қаржы министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алулар мен камералық бақылауға тексеріс жүргізіледі. Екінші кезеңде Есеп комитеті еліміздің 17 өңіріне бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ревизия жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласына, Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды және тексеріс нәтижелері туралы тұрақты түрде есеп беріп тұруды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жайындағы қорытынды есебімен танысты. Есеп комитеті бірінші рет бюджеттің жиынтықталған қаржылық есебі бойынша аудит жүргізген болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды