• Басты
  • Қ.Тоқаев мемлекеттік наградаларды табыстады
12 Желтоқсан, 2019 15:05

Қ.Тоқаев мемлекеттік наградаларды табыстады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды табыстады,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қ.Тоқаев мемлекеттік наградаларды табыстады

Алдымен Қ.Тоқаев Тәуелсіздік күні мерекесінің маңыздылығына тоқтап өтті.

«Еліміздің басты мерекесі – қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мерейлі мемлекет болғанымызға 28 жыл толды. Бұл тарихи белестеріміздің бастауы, ұлы мейрам. Бүкіл еліміз үшін бұдан асқан айтулы күн, маңызды мереке жоқ. Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Біздің буын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында халқымыздың асқақ арманын ақиқатқа айналдырды. Байрақты бабаларымыз бізге ұлан-байтақ жерді мұра етіп қалдырды. Олардың аманаты адал болу – баршамыздың киелі парызымыз. Азаттық үшін алысып, ел үшін жан пида еткен батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Еліміздің алтын дәуірі, дербес дамуы егемендік алған күннен басталды. Көптеген жетістікке қол жеткіздік. Әлем бойынша тоғызыншы орындағы жеріміздің шекарасын толық шегендедік. Бүкіл әлем Тәуелсіз Қазақстанды сенімді серіктес ретінде таныды. Алатаудың баурайынан елордамызды арқа төсіне көшіріп, Есілдің жағасына ел қондырдық. Бас қаламыз аса маңызды халықаралық жиындардың орталығына айналды», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

image-12-12-19-04-05-4.jpeg

Президент айтқандай, 1991 жылдан бері еліміздің ЖІӨ абсолютті өлшемде 16 өскен. Ал елімізге сеніммен қарайтын шетелдік инвесторлар 330 млрд доллар инвестия құйған.

«Мемлекеттік және азаматтық институттарға негізделген басқару жүйесін жетілдірдік. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты мәндетіміз болды. Қиындыққа толы алғашқы жылдарда экономика түбегейлі реформаларды қолға алдық. Соның арқасында 28 жыл ішінде ЖІӨ абсолютті өлшемде 16 есеге өсіп, 180 млрд доллар болды. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап келеді. Бізге шетелден 330 млрд доллар инвестиция тартылды. Осының бәрі ең алдымен халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл еліміздің абыройын және кемелдігін айқын көрсетеді. Тарихта тұңғыш рет халқымыз өз тағдырына ие болды. Бүгінде азаматтарымыз өзінің және елінің болашағына нық сеніммен қарайды. Еліміз сан қилы тарих зұлматтарын өткеріп, еңсесін тіктеді. Халық саны 2 млн-ға көбейіп, демографиялық дағдарысты еңсердік. Қазір біз 18,5 млн-нан астық. Мемлекетіміздің даму бағдарын өзіміз айқындау мүмкіндік алдық. Бүгінде еліміздің жаңғыру үлгісін – «Қазақстан жолы» деп айтады. Осындай ауқымды өзгерістерге Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы және көшбасшы болды. Барлық салада толайым табысқа кенелдік деп күмәнсіз айтуға болады. Мұны бүгінгі және келер ұрпақ бағалауы керек. «Бейнет көрмей, дәулет жоқ» деп хакім Абай айтқандай, біз бұған оңайлықпен жеткен жоқпыз. Сондықтан бұл мереке халқымызға ортақ той, мәртебелі мереке. Тәуелсіздіктен – асқан құндылық жоқ», - деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге президент әрбір шенеунік халықтың бөлігі екендігін, халық үшін және халық арасында жұмыс істейтінін есте сақтау керегін атап өтті.

image-12-12-19-04-07-6.jpeg

"Мемлекетті тыңдайтындар – қағазбастылықтың жоқтығы және оны азайту. Бұл – цифрландыру негізінде барлық процедураның ашықтығы. Мемлекеттік билік жүйесіне бақарушылардың жаңа толқынын тарту керек. Халық үнін тыңдайтын мемлекетте әрбір адам өзін қауіпсіз сену керек және шенеуніктер тарапынан болатын құзіреттілікті бұзған жағдайды қорғалу керек. Мұндай шенеуніктерден түпкілікті бас тартамыз және құтыламыз", - деді президент.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев ұлттық стратегияның басты мақсаттарының бірі- тұрмыс сапасын жақсарту екенін атап өтті.

"Біз Тәуелсіздік жылдары жалпы ұлттық рухын күшейтіп,төрткүл дүниедегі болып жатқан өзгерістерге қарасақ,мұның аса маңызды екенін түсінеміз. қазіргі таңда әлем қауымдастығы соңғы 50 жылда ең күрделі сенім дағдарысын бастан кешіруде. Бұл тұрақтылық пен ынтымақтастыққа қауіп төндіретін процесс.Азаматтар мен мемлекет институттары арасында қарама-қайшылықтар туып отыр. Күллі әлем жұртшылығы тұрмыс сапасын жақсартуды,тең мүмкіндіктер беруді және мемлекет ашықтығын талап етуде.Қазақстан осы әлемнің бір бөлігі. Сондықтан бұл мәселенің біздің елге де қатысы бар. Осындай жағдайда жалған ұрандарға сенген елдердің береке-бірліктен айырылғанына куә болып отырмыз. Сондықтан жағымсыз әрекеттерге дер кезінде назар аударып,халықтың мүддесіне сай саясат жүргізу өте маңызды. Ең алдымен халықтың тұғыры әрқашан мықты болуы керек. Бұл халқымыздың татулығына байланысты. Бірлік бар жерде тірлік бар. Мемлекетімізді бақуатты елге айналдырып,азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсарту ұлттық стратегиямыздың басты мақсаты. Осыған орай бірқатар нақты міндеттерді шешу өзімнің басты мақсатым деп санаймын",-деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі-"Қазақстанның Еңбек ері" атағы бойынша Роза Рымбаева мен Тұрсынбек Макишевті марапаттады.

Айта кетейік,Президент жалпы 11 атақ бойынша 39 адамға мемлекеттік награданы табыстады.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды