• Басты
  • Қ.Тоқаев Ли Сянь Лунмен кездесті
1 Қазан, 2019 15:48

Қ.Тоқаев Ли Сянь Лунмен кездесті

Қазақстан Президенті Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев Ли Сянь Лунмен кездесті | Strategy2050.kz

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы қарым-қатынастың достық ниетке құралғанын атап өтті.

« Біз сіздің елді құрметтейміз. Бүгінгі Сингапурдың негізін қалаған сіздің әкеңіз Ли Куан Ю Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жақын достық қарым-қатынаста болғаны, оның 90-жылдардың басында Қазақстанға келгені есімізде. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастыққа берік негіз бар деп ойлаймын»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Сингапур Премьер-Министрі де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты.

«Біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттіміз. Өзіңізбен Президент ретінде бірлесе жұмыс істеуге асықпын»,– деді Ли Сянь Лун.

Тараптар екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды арттыруды, сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында қалыптасып келе жатқан өзара қарым-қатынастың көкжиегін кеңейту жайын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-Министрін елімізге арнайы сапармен келуге шақырды.

«Біз сізді өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта күтеміз. Сіздің сапарыңыз өзара ынтымақтастықты дамыту үшін бірқатар нақты мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік береді»,– деді Қазақстан Президенті.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды