• Басты
  • Қ.Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысын қабылдады
17 Қыркүйек, 2019 09:09

Қ.Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысын қабылдады

Қазақстан Президенті Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулиньді қабылдады,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 


Қ.Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысын қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағының инфокоммуникациялық технология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстанда жаңа инновациялар мен технологияларды дамытуға және енгізуге баса мән берілетінін атап өтті. Мемлекет басшысы өңірде заманауи инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрудың маңыздылығын айтты.

Чжао Хоулинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық электр байланысы одағы қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Президентке өзі басқаратын одақтың 4G және 5G сияқты телекоммуникациялар мен қызмет көрсету саласы бойынша әзірлеп жатқан халықаралық стандарттары жөнінде айтты.  

Халықаралық электр байланысы одағы Бас хатшысының бағалауынша, Қазақстанда блокчейн, Big Data технологияларын, жаңа сандық қаржы құралдарын пайдалануға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, білім беру және денсаулық сақтау салаларында, мемлекеттік басқару ісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге жақсы мүмкіндіктер жасалған деп санайды.

Кездесуге Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов, Халықаралық электр байланысы одағының өңірлік өкілі Кирилл Опарин қатысты.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды