• Басты
  • Қ.Тоқаев Катар делегациясын қабылдады
3 Желтоқсан, 2019 14:43

Қ.Тоқаев Катар делегациясын қабылдады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар делегациясын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев Катар делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани бастаған ірі қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында қаржы саласындағы өзара іс-қимылдар, инвестиция тарту және «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы мәселелер талқыланды.

Қазақстан Президенті Катар делегациясының осы сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беруі тиіс екенін атап өтті.

«Биылғы маусым айында Душанбеде Катар Әмірімен кездестім. Сол кезде біз екі мемлекет арасында дәнекер болатын нақты іс-қимылдарды күшейту жөнінде уағдаластық. Мен оны Қазақстан астанасына ресми сапармен келуге шақырдым. Осыған байланысты сіздердің сапарларыңыздың біз үшін маңызы аса зор деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани өз елінің басшылығының Президентке, Үкіметке және Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді. 

« Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын білесіздер. Біздің сапарымыз осы үрдіске қолдау көрсету болып саналады. Елдеріміздің қаржылық құрылымдары арасында терең әрі тығыз байланыстар орнаған. Біз бір-бірімізбен банк, қаржы және инвестиция бағыттары бойынша ықпалдастық жасап келеміз. Кеше «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында Катардағы ірі банктердің бірінің филиалын ашу жөнінде уағдаластық», – деді Катар қаржыгері.

Сонымен қатар ол екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының тезірек ашылуы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайта түседі деген пікір айтты.

Делегация құрамында Катар Қор биржасының басқарма төрағасы Рашид әл-Мансури, «Masraf Al Rayan» банктер тобының төрағасы Хусейн әл-Абдалла, «Qatar International Islamic Bank» банкінің басқарма төрағасы Абдул Басит әл-Шайби, Qatar National Bank» банкінің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Абдулла әл-Халифа, Катар қаржы орталығының Реттеуші ведомствосының басқарма төрағасы Майкл Раян, «Commercial Bank of Qatar» банктер тобының басқарма мүшесі Мохамад Мандани әл-Эмади және Катардың Қазақстандағы елшісі Абдулазиз әл-Румейхи болды.

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды