• Басты
  • Қ.Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады
12 Қараша, 2019 18:15

Қ.Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 


Қ.Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы биылғы қазан айында Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Президент Хасан Руханимен табысты келіссөз жүргізгенін айтты. Қазақстан Президенті ирандық әріптесінің Нұр-Сұлтан қаласына өзіне ыңғайлы уақытта сапармен келуін күтетінін жеткізді.

Мұхаммед Джавад Зариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан астанасында өзіне көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс айтты.

Иранның Сыртқы істер министрі «Astana Club» жұмысынан алған әсерімен бөлісе отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумның пленарлық отырысындағы баяндамасын және жиынның сындарлы атмосферасын жоғары бағалады. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды