• Басты
  • Қ.Тоқаев егістік алқаптарын аралап көрді
17 Қыркүйек, 2019 15:04

Қ.Тоқаев егістік алқаптарын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбат» ЖШС-нің егістік алқаптарын аралап көрді,деп хабарлады Strategy2050.kz.
Қ.Тоқаев егістік алқаптарын аралап көрді

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақмола облысына келгеннен кейін Мемлекет басшысы егістік алқабын аралап, «Айбат» ЖШС-нің егін жинау науқанының барысымен танысты.

Қазақстан Президентіне облыстың әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі көрсеткіштері мен агроөнеркәсіп кешенінің келешегі туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәнді және майлы дақылдардың жаңа сорттары көрсетілді.

Мемлекет басшысы механизаторлармен әңгімелескенде ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге баса мән беріліп отырғанын айтты.

«Мемлекетіміз үшін сіздердің еңбектеріңіздің мәні зор. Үкімет фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді, ауылдың өмір сүру сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады», – деді Президент.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев диқандарға ауа райының жақсы және өнімнің мол болуын тіледі. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды