- Басты
- Қ.Тоқаев Е.Досаевты қабылдады
Қ.Тоқаев Е.Досаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ, еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді.
Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырма берді.
-
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
-
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді
-
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
-
М.Әшімбаев: Парламент өткен сессияда 98 заң қабылдады
-
Тоқаев бейнебайланыс арқылы Тимур Құлыбаевты қабылдады
-
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
-
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
-
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады
-
Қ.Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
-
Қ.Тоқаев Наталья Годунованы қабылдады
-
Президент А.Көлгіновты қабылдады
-
Қ.Тоқаев жаңа министрді қабылдады
-
Қ.Тоқаев Ресей елшісін қабылдады
-
Сенат халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін заңдарды қабылдады
-
Сарапшы: Тоқаев экономика мен қалыпты өмірге оралу үшін алғашқы тестік шешімдерді қабылдады

