• Басты
  • Қ.Тоқаев Джанлука Эспозитоны қабылдады
15 Қаңтар, 2020 17:44

Қ.Тоқаев Джанлука Эспозитоны қабылдады


Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоны қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев Джанлука Эспозитоны қабылдады

Кездесу барысында Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болып кіру мәселесі, сондай-ақ, Еуропа Кеңесімен ықпалдастығының перспективалары туралы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіруге көрсетіп жатқан қолдауы үшін Еуропа Кеңесіне ризашылығын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда халықаралық ұйыммен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

« Біз аталған ұйымның қызметіне атсалысуға өте мүдделіміз. Бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысымызға, сонымен қатар, ел дамуына кері әсер ететін басқа да мәселелердің шешілуіне тың серпін береді деп сенеміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Джанлука Эспозито Қазақстан мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының ынтымақтастығы екі тарапқа да тиімді болатынын айтты.

« Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болуы жемқорлықпен күрестің принциптері мен тетіктерін жетілдіру ісіне ғана емес, сондай-ақ, бизнес-ахуалды жақсартуға, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жандандыруға да септігін тигізеді», – деді ұйымның атқарушы хатшысы.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды