- Басты
- Қ.Тоқаев Бірлік күнімен құттықтады
Қ.Тоқаев Бірлік күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат.
Егемен еліміздегі барлық этникалық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік.
Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – баға жетпес байлығымыз. Бұл құндылықтар Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарының өзегіне айналды.
Біз бір ел, біртұтас халық болып тәуелсіздігімізді нығайттық. Халықаралық қоғамдастықтағы абырой-беделімізді арттырдық.
Биылғы Бірлік күнінің мән-маңызы ерекше. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге тараған коронавирус пандемиясымен күресуде. Жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарын халқымыз да сезініп отыр.
Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез-келген қиындықты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!
Біз біргеміз!
-
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
-
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
«Ауыл» партиясы «Бірлік» партиясымен бірігуден бас тартты
-
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады
-
Анар Жайылғанова журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
-
Аида Балаева журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
-
Трамп Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтады
-
Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады
-
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
-
Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады
-
Президент Мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады
-
Түркістандық науқастар мейірбикелердің төл мерекелерімен құттықтады
-
Елбасы Бірлік күнімен құттықтады

