• Басты
  • Қ. Тоқаев білім беру саласы мен экологияны қатаң сынады
10 Шілде, 2020 14:39

Қ. Тоқаев білім беру саласы мен экологияны қатаң сынады

Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмағанын және экологиялық мәселелердің шешім таппай отырғанын Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтып, сынға алды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Қ. Тоқаев білім беру саласы мен экологияны қатаң сынады

Президент осы мәселелерді шешу үшін тапсырмалар берді.

"Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады. Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарамды. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс", - деді Тоқаев.

Президент Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды.

Президент экология мәселесін көтеріп, мектептерде оқушылардың экологиялық білімі пәнін енгізуді ұсынды.

Күніне 5 млн тонна тұрмыстық қоқыс түзеледі. Қоқысты қайта өңдеу бар болғаны 15%-ды құрайды. Бұл өте аз. Елді мекендер маңындағы бей-берекет қоқыс үйіндісі мәселелері шешілмей отыр. Жүргізілген түрлі рейдтер, салынған айыппұлдар, экологиялық айлықтар аз ғана нәтиже берді. Мұнда Экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет, - деді Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, бүгінгі жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді. Осы жиында пандемия кезінде дәрі-дәрмекке қатысты проблемаларды шеше алмаған қор басшыларын жұмыстан босатты.

Барлық жаңалықтар