• Басты
  • Қ.Тоқаев: Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайды
10 Шілде, 2020 20:58

Қ.Тоқаев: Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайды

Бұл туралы Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтты, - деп жазады Ақорданың Тwitter-дегі ресми парақшасы.

Қ.Тоқаев: Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайды

2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз, - деді Президент.

Мемлекет басшысы игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, тәркілеу үшін ғарыштан мониторинг жасауды заңдастырды.
Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 миллион гектар игерілмеген жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек, - деген Тоқаевтың Үкімет отырысында айтқан сөзінде.

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы баяндалып, пандемия кезінде пайда болған мәселелерді шешу талқыланды. Осы отырыста Тоқаев Үкіметтің ведомстволары мен әкімдердің жұмысын сынады.

Барлық жаңалықтар