• Басты
  • Қ.Тоқаев Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады
30 Қыркүйек, 2019 16:19

Қ.Тоқаев Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады | Strategy2050.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады.

Премьер-Министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері, шетелдік инвестицияларды тарту барысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру, өңірлерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ Асқар Мамин Президентке 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы жайында да ақпарат берді. Мемлекет басшысы Премьер-Министрге қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселелеріне арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

Сенат Төрағасы Президентке Парламенттің жоғары палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтты. Президент Жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды