• Басты
  • Қ.Тоқаев Алматыдағы бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты
12 Мамыр, 2020 15:11

Қ.Тоқаев Алматыдағы бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қолға алынған бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты, деп хабарлады Strategy2050.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
   Қ.Тоқаев Алматыдағы бірқатар инфрақұрылымдық жобамен танысты

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымның жобаларымен танысты.

Қазақстан Президентіне Алматының халықаралық әуежайын қайта жөндеу жоспары таныстырылды.

Түркияның «TAV airport Holding»  компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуежайдың жаңа терминалының құрылысы туралы мәлімет берді. Жалпы көлемі 55 мың шаршы метр болатын терминал жобасының құны 150 миллион евро. Терминал жылына 6 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді.  Аталған нысанның құрылысы 2022 жылдың 2-тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының халықаралық әуежайы қайта жөндеуден өткеннен кейін бұл нысанның Орталық Азия аймағындағы ірі авиациялық хабқа айналатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысында салынатын ұзындығы 784 метрлік көлік жолайырығы құрылысының жобасымен танысты.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған жоба қала жолдарындағы кептелісті азайтуға және тұрғындардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды