• Басты
  • Қ.Тоқаевқа Моңғолия жеріндегі қандастарымыздың алғысын арқалаған хаты келіп түсті – Б.Уәли
13 Сәуір, 2020 14:32

Қ.Тоқаевқа Моңғолия жеріндегі қандастарымыздың алғысын арқалаған хаты келіп түсті – Б.Уәли

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының атына Моңғолия жеріндегі қандастарымыздың алғысын арқалаған хаты келіп түсті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі ресми парақшасында.
 Қ.Тоқаевқа Моңғолия жеріндегі қандастарымыздың алғысын арқалаған хаты келіп түсті – Б.Уәли

Хатта қандастарымыз осынау қиын қыстау заманда Қазақстанға білім алу үшін келген қаракөздерге қамқорлық көрсетіп, барлық жағдай жа facebook.сап отырған мемлекетімізге, осындай жағдайдың жасалуына пәрмен беріп, бақылауда ұстап отырған Президентке ризашылықтарын білдірген.

«Сізге қиырдағы Моңғолия мемлекетінде мекен еткен қазақ қандастарыңыздың атынан дұғай сәлем! Қызметіңізге сәттілік пен табыс тілейміз. Қазақстанның абыройы арта берсін! Әлемді жайлаған мына індет тезірек кетіп, ақжарылқап уақыт басталсын деп, Жаратқаннан сұраймыз», - деп басталыпты қандастарымыздың хаты.

Бұдан ары Моңғолиядағы індетпен күрес шараларын айта келіп:
«Осы шекаралар жабылып, ұшақ ұшпай, көлік жүрмей қалған қиын кезде біздің біраз оқушы баламыз Қазақстан Республикасында қалып қойды. Біз бұған әу баста қатты алаңдадық. Тіпті, уайымдап, әбіржіген кезіміз де болды.

Алайда, бұнымыз бекер болып шықты. Ең біріншіден, Президент ретінде Өзіңіздің қамқорлығыңыздың арқасында, екіншіден, Білім және ғылым министрлігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің көмегімен Қазақстанға білім іздеп барған даярлық бөліміндегі ұл-қыздарымыздың тамағы тоқ, көйлегі көк. Олар да ел азаматтарымен бірдей карантин талаптарын сақтап, ақпараттық технология жүйесімен сабақтарын оқып жүр. Мұны телефон арқылы күнде біліп отырмыз. Көңіліміз орнына түсті. «Шүкір!» деп отырмыз.

Ардақты Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Біздің оқудағы балаларымыз ертең студент, содан кейін маман атанып, Қазақстан-Монғолия ынтымақтастығын одан әрі арттырады деп сенеміз.
Ризашылық ниетпен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің даярлық бөлімінде оқып жатқан Моңғол Ұлысы оқушыларының ата-аналары», - деп, хаттың астына 13 ата-ана қол қойыпты.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды