• Басты
  • Қ.Тоқаев 9 айда 112 796 шақырым жол жүрді - Б.Уәли
24 Желтоқсан, 2019 15:54

Қ.Тоқаев 9 айда 112 796 шақырым жол жүрді - Б.Уәли

Ақордада ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жыл қорытындысы бойынша брифингі өтті. Баспасөз хатшысы биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 112 796 шақырым жол жүргенін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қ.Тоқаев 9 айда 112 796 шақырым жол жүрді - Б.Уәли

Мемлекет басшысының қатысуымен 463 іс-шара өтіп, еліміздің аймақтарына 25 рет сапарға шыққан. Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап 249 мемлекеттік орган басшыларын қабылдаған.

«Ел жылнамасында биылғы жыл есте қалды. Ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президенттік басқаруды Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа табыстаған сәттен басталды. Осыдан кейін еліміздің саяси өмірінде маңызды оқиғалар, президент сайлауы болды... Халық алдында ант бергеннен кейін мемлекет басшысы бірден жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті. Еліміздің бүкіл өңірін аралап, халықтыңәлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысты. Сонымен қатар, өте маңызды бастамаларды қолдап ауқымды іс-шараларға қатысты... Президент халықаралық кездесулер өткізді. Маңызды келісімдер жүргізді.

Мемлекет басшысының қатысуымен 463 іс-шара өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің аймақтарына 25 рет сапармен барды. Кейбір облысқа 2 реттен барды. Президент қызметіне кіріскен сәттен бері 249 мемлекеттік органдар басшыларын, Парламент депутаттарын, саяси партиялар мен қауымдастық өкілдерін және жеке тұлғаларды қабылдады», - деді баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 31 елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Халықаралық шараларға қатысу үшін 12 елге сапармен барды, оның ішінде мемлекеттік сапар Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және ресми сапармен Ресей мен Германияға барды. 

«Жұмыс сапарлар саны – 7-еу. Ресейге 2 рет, АҚШ, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Арменияға барды. Мемлекет басшысы 9 халықаралық жиынға қатысты. Атап айтқанда, АҚШ-та өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына, ШЫҰ отырысына, ЕАЭО саммитіне т.б. қатысты. Мемлекет басшысы 100-ге жуық хылақаралық кездесу өткізді. Мемлекет басшысы 23 шетелдік елшіден сенім грамоталарын қабылдады және Қазақстанның шет елдегі 30 елшісін тағайындады. Сонымен қатар, 6 мемлекетте: Болгария, Латвия, Португалия, Сербия, Словакия, Эстониядағы дипломатиялық миссиялардың елшіліктерін қайта құрылды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында 70 мемлекеттен елшіліктерінің, 30 халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті», - деді Берік Уәли.

20 наурыздан бері мемлекет басшысы 45 заңға, 226 жарлық, 68 өкімге қол қойды. 

«Президенттің қатысуымен өткен жиындар бойынша 49 хаттама толтырылды. 9 айда 112 796 шақырым жол жүрді. оның 181 сағат 36 минут уақыт кетті», - деді баспасөз хатшысы.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды