• Басты
  • Теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер оңтайландырылады
20 Желтоқсан, 2019 10:26

Теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер оңтайландырылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ағымдағы жылы сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша біршама жұмыстар жүргізді.
   Теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер оңтайландырылады

Атап айтқанда, мемлекеттік кеме және бербоут-чартер тізілімдерінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу енді «электрондық лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады. Ендігі кезекте бұл қызметтерді көрсету мерзімін 5 есеге, яғни 10 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқарту жоспарланып отыр. Тіркеуге қажетті құжаттар саны да елеулі түрде азаяды.

         Теңіз кемелері ипотекасын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет электрондық нысанға ауыстыру арқылы оңтайландырылды. "Электрондық үкімет" порталында көрсетілетін қызметті алушы мәліметтер нысанын толтырады, төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баж төлейді және кеменің ипотекасы туралы сканерленген шартты тіркейді. Қазіргі уақытта бұл қызмет түрі бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

         Теңіз кемелерін халықаралық кеме тізілімінде және салынып жатқан кемелер тізілімінде тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер де автоматтандырылады. Нәтижесінде қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін азайып, құжаттар саны орта есеппен 40 пайызға қысқарады.

         Сонымен қатар, теңізде жүзу кітапшасын алуға өтінім беру сандық форматқа ауыстырылып, нәтижесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілді. Теңізде жүзу кітапшасын алу үшін енді порталда өзінің сандық фотосуретін тіркеп, аталған кітапты алуға болатын өзіне ыңғайлы Халыққа қызмет көрсету орталығын көрсетсе жеткілікті.

         Сонымен қатар, «ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік қызметін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оны көрсету процесі қазіргі уақытта автоматтандырылуда. Мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқарады және қызметті алу үшін белгіленген нысан бойынша өтінім беру жеткілікті.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды