• Басты
  • Түркістанда жедел штаб 35976 азаматты тексерді
26 Наурыз, 2020 17:18

Түркістанда жедел штаб 35976 азаматты тексерді

Елімізде коронавирусқа қатысты төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Түркістан облысы әкімінің жанынан жедел штаб құрылған болатын. Сондай-ақ, Түркістан облысы полиция департаментіндегі жеке құрамның  қызметі ерекше жағдайға көшіріліп, тоқтаусыз жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкаімдігі.
   Түркістанда жедел штаб 35976 азаматты тексерді

Ондағы мақсат – қоғамдық тәртіптің сақталуы. Осы мақсатта облысымыздағы аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, режимдік әрі ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін, көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандар  толық күзетілуде.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да, қалалардан  келген азаматтарды, көліктерді тексеріп өткізу мақсатында  Түлкібас ауданында «Шақпақ»  және Кентау қаласы аумағына «Сауран» шеп бекеттері қойылып, азаматтарды есепке алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгіннің өзінде бұл бекеттерден 13296 автокөлік пен 35976 азамат тексеріліп өткізілген. 

Жалпы Түркістан облысының аумағында 112 ірі сауда орталығы, 103 базар, 33 автовокзал, 1 мега орталығы (Түркістан қаласында), оның   ішінде 1 кинотеатр, 1133 кафе-бар  орналасқан. Төтенше жағдайға байланысты ірі сауда орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге, базарлар 11:00-ден 17:00-ге дейінгі уақыт аралығында жұмыс атқаруда. Мега орталығындағы кинотеатр жұмысы карантинге байланысты тоқтатылса, 1133 кафе-барларды сағат 22.00-ден кейін жабу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек,  облыс аумағында барлық елді мекендерде той-томалақ өткізген жағдайда қатаң жауапкершілікке тартылатын ескертілді. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, заң талаптарын сақтамаған тұлғаларға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен 54 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған. 

Сондай-ақ, жыл басынан короновирусқа қатысты полиция департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабымен (Көрінеу жалған ақпарат тарату) 7 қылмыстық іс қозғалған. Барлық қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды