• Басты
  • Түркістан облысында 62 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
23 Қыркүйек, 2019 10:39

Түркістан облысында 62 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты

2019 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында 62 мың 386 адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 42 мың 612 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 30 мың 328-і немесе 71% тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

   Түркістан облысында 62 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында Түркістан облысында 2 мың 844 адам оқуға жіберілді.

 Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді.

 «Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі», - делінген хабарламада.

 Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында микрокредит алушылар үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі.

Түркістан облысында микрокредиттеумен 940 адам, оның ішінде қалаларда – 41, ауылдарда – 899 адам қамтылды. Мемлекеттік гранттарды 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік бағдарламаның 101 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде – 498 адам алды.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін мемлекеттік субсидияланатын жұмыс орындарын құруды көздейді.

 Оны жүзеге асыру аясында Түркістан облысында 13 мың 973 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 4 мың 333 адам, қоғамдық жұмысқа 4 мың 308 адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасына 5 мың 332 адам тартылды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды