• Басты
  • «Спутник-V» вакцинасы: Аргентина, Венесуэла тұрғындары салдырды, ғалымдар тиімділігін дәлелдеді

«Спутник-V» вакцинасы: Аргентина, Венесуэла тұрғындары салдырды, ғалымдар тиімділігін дәлелдеді

2 Ақпан, 2021 18:02

Бір жылдан аса уақыт бойы әлемді әбігерге салған коронавирус пандемиясынан құтылудың бірден бір жолы – вакцинациялану. Жарты жылға жуық уақыт әлем елдері өкпені зақымдайтын өлімге әкелетін жұқпалы дертке қарсы вакцинаны дайындады. Бірқатары қазіргі таңда барлық тексеруден өтіп, қолдануға берілді. Әлем халықтарының вакцинациялануы туралы Strategy2050.kz тілшісі баяндайды.


2020 жылдың соңына қарай әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның егілуіне рұқсат берілді. Бірақ барлық вакцина тексеру кезеңдерінен толық өтпеген. Тек Pfizer және BioNTech компаниялары шығарған «Гам-КОВИД-Вак» пен Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы шығарған «Спутник V», Қытай биофармацевтика компаниясы өндірген «CoronaVac» вакциналарына рұқсат етілді. Вакцинациялау науқаны 2020 жылдың 5 желтоқсанында Ресейде, 8 желтоқсанда Ұлыбританияда, АҚШ-та, Еуроодақ елдерінде, Қытайда, Израильде және өзге елдерде басталды. Қазақстан 1 ақпанда басталды. Алғашқылардың қатарында ҚР Денсауық сақтау вице-министрлері бар.

Әлем бойынша 101 млн адамға вакцина егілді

Bloomberg хабарлауынша, әлемде 101 млн адамға вакцина енгізілді. Бүкіл елде коронавируспен 103,4 млн адам ауырған. АҚШ-та ауру жұқтырғандардың санынан вакцинаны ерікті түрде салдырғандар көп. Агенттік 64 мемлекет бойынша санақ жүргізген. Вакцинациялаудың орташа көрсеткіші күн сайын 4,25 млн дозаны құрайды.

Вакцинацияланудан көш бастаған елдер: АҚШ және Қытай.

АҚШ-та 32,8 млн доза салынса, Қытайда 24 млн доза егілді. Еуроодақ елдерінде 12,7 млн доза, Ұлыбританияда 9,8 млн, Израильде 5 млн доза салынған. Ресейдегі көрсеткіш 5 қаңтарда 1 млн адам «Спутник V» вакцинасымен егілгенін көрсетті.

Естеріңізде болса, коронавирустың таралуы жөнінен АҚШ, Үндістан (10,8 млн оқиға, Бразилия (9,2 млн оқиға), Ұлыбритания (3,9 млн оқиға) және Ресей (3,8 млн оқиға) көш бастап тұр.

Грекияда 290 000 адам екпе алды

Грекияның денсаулық сақтау министрлігінің медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі бас хатшысы Мариос Фемистоклеустің мәлімдеуінше 290 000 грекиялық екпе салдырған. Сонда халықтың 2,75%-ы өз еркімен вакина салдырды. Жоспар бойынша ай сайын 200 000 адамға екпе салыну керек болған. Алайда, қаңтар айында 71 000 адамға артық салынған. 1 ақпанда 20 000 екпе салу процедурасы жүргізілді. Гректер 680 000 вакцинаға тапсырыс берген. Олардың ішінде 236 000 вакцинаның бірінші дозасына, ал 444 000 екінші дозасын алады. Ақпан айына вакцина салуға кезекке тұрған азаматтар саны 450 000 еріктіні құрады. Қазіргі таңда елде 400 вакцинациялау орталығы мен 100 мобильді медициналық құрылымдар күн сайын екпе жұмыстарымен айналысуда.

Аргентина тұрғындары «Спутник V» вакцинасын салдырып жатыр

Аргентина министрлер кабинетінің басшысы Сантьяго Кафьеро мәлім еткендей, вакцинациялану науқаны басталғаннан бері 370 мыңнан астам адам «Спутник V» вакцинасын салдырған. Бұл вакцина Ресейде өндіріледі. Өткен айдың соңында Буэнос-Айрес қаласына вакцинаның үшінші легі жеткізілген. Бұл 220 000 бірлік вакцинаға тең. Келісімшартта көрсетілген тармақ бойынша қаңтар айында Аргентинаға вакцинаның бірінші жиынтығы бойынша төрт миллион доза, ал екінші жиынтық бойынша бір миллион доза жеткізілу керек болған. Алдағы уақытта тараптар екіжақты келісім берсе, Аргентина аумағында «Спутник V» вакцинасы өндіріледі. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Венесуэладағы сынақтарда «Sputnik V» вакцинасы 100% тиімділікті көрсетті

Венесуэлада коронавирусқа қарсы ресейлік «Sputnik V» вакцинасына клиникалық сынақтар аяқталды. Нәтижесінде, препараттың 100% тиімділігі анықталды, - деп мәлімдеді Боливария Республикасының Президенті Николас Мадуро.

Венесуэланың денсаулық сақтау министрлігі 13 қаңтарда Sputnik V коронавирусына қарсы ресейлік вакцинаны тіркеді.

Оңтүстік Америка елінің үкіметі жаппай вакцинацияны дереу бастау үшін жақын арада 10 миллион дозаның алғашқы партиясын алады деп күтеді.

Бұған дейін Sputnik радиосы RDIF Бразилияда Sputnik V тіркеуден бас тарту туралы деректерге қалай әрекет еткенін хабарлады.

Германиялық  BioNTech вакцинасының 2 млрд дозасы өндірілмек

Өндірушілердің айтуынша, вакцинаның бұл түріне сұраныс көп. Аталған вакцинаны германиялық в BioNTech американдық Pfizer-мен бірлесе отырып шығарды. Әлемдік сұранысты орындау үшін биыл жоспардағы вакцина дозасын 50 пайызға көбейту көзделген. 2021 жылы 2 млрд доза өндіріледі.

«Біз дұрыс жолда келе жатырмыз. Біз өндіріс қуаттылығын сұранысқа сәйкес көбейтудеміз. Алдағы уақытта Бельгияда өндіріс орны ашылады. Одан кейін Еуроодақ елдеріне жіберу жұмыстарына көшеміз», - деді BioNTech қызметкерлері. 

Сонымен қатар ақпан айында Марбург зауытында швейцариялық Novartis компаниясынан алынған препаратты өңдеу жұмыстары басталады.

Вакцина салдырған американдықтардың саны ауру жұқтырғандар санынан асты

Bloomberg вакцинасының күн сайын салынатын дозасының мөлшері 1,35 млн-ға жуық. АҚШ БАҚ-дары таратқан соңғы мәліметтерге сүйенсек, 26,5 американдық коронавирусқа қарсы бір немесе екі дозадан вакцина қабылдаған. Алғашқы ауру жұқтырған науқас тіркелгеннен бері елде 26,2 млн оқиға тіркелген. Мұны Джонс Хопкинс университеті келтірген мәліметтер де растады. Вакцина салдырудан АҚШ қазіргі таңда әлем елдерінің көшін бастап тұр. Мұнда күн сайын 1,35 млн вакцина дозасы адамдардың ағзасына өтіп жатыр. Джонс Хопкинс университетінің ақпараты бойынша, АҚШ-та 443 000 адам коронавирус дертінен қайтыс болған. АҚШ ауру жұқтыру мен адам өлімі жөнінен бірінші орында тұр.

Германия канцлері: жазда барлық неміс азаматы вакцина алған болады

Германия канцлері Ангела Меркель жаз соңына қарай әрбір неміс вакцина алады, деп хабарлады. Германия билігі әр тұрғын тең мүмкіндік қарастырған. Канцлер федаралды Үкіметпен, жер қожайындары және фармацевтикалық компания басшыларымен ойласа келе осындай шешімге келген. 83 млн тұрғыны бар Германияда жаз соңында 320 млн доза вакцина қолжетімді болады деп күтілуде. Пандемия кезінде Германияда 2,2 млн коронавирус оқиғасы тіркелген. 58 мың адам ауруды асқындырып, көз жұмған. Өткен тәулікте елде 6,5 мың адам ауру жұқтырды.

Сарапшылар: «Спутник V» препараты жұмсақ

Сарапшылардың айтуынша, «Спутник V» препаратының оң әсері көбірек, зияны жоқ әрі екпе жасайтын мамандарға түсінікті.

Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының профессоры Александр Бутенконың айтуынша, препаратты шығару кезінде аса ауыр инфекцияларға қарсы тұратын платформалар қолданылған. Мысалы, Эбола лихорадкасы немесе аса ауыр респираторлы синдромға қарсы препараттар қолданылған. Вакцина құрамы жағынан жұмсақ, ол теріс әсерін бермейді. Профессор вакцинаның сынақтың барлық түрінен өткенін айта кетті.

«Вакцина барлық әлемдік стандартқа сай орындалды. Ең бастысы, әлемнің көптеген елдерінде дәл осы вакцина тіркеуден өтті. Гамалеи атындағы зерттеу институтының ғылыми құрамы өте үлкен дайындықтан өткен», - деп сендірді профессор.

Қазақстанда вакцинациялау науқаны басталды

2 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда дәл қазір 27 909 адам короновирус инфекциясынан (16 609 КВИ+ және 11 300 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 028 пациент стационарда, 21 881 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

264 адамның жағдайы ауыр;

55 пациенттің жағдайы өте ауыр;

44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Санитар дәрігерлердің түсіндіруінше, жаппай вакцинациялаудың негізгі мақсаты – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Қазақстандықтардың 70 пайызы вакцинамен қамтылса, індеттің айналымы тоқтатылатындығын және екпеге қарсы көрсетілімдері бар азаматтар көпшіліктің вакцинацияланғандықтарынан қорғалады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда «Спутник V» екпесімен еркіті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімге сәйкес Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясын жеткізді.

Қазақстандық QazCovid вакцинасы да әзірленіп жатыр. Ол тексерудің барлық кезеңінен өтсе, қолданысқа енеді.

Барлық жаңалықтар