• Басты
  • «Social Assembly» креативті жобаларды қолдайды
29 Қазан, 2019 17:25

«Social Assembly» креативті жобаларды қолдайды


Назарбаев университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Хакатон «Social Assembly» республикалық жастар форумы өтті. Форумның мақсаты - креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін талантты жастарға арналған алаң құру, деп хабарлады Strategy2050.kz.
 «Social Assembly» креативті жобаларды қолдайды
“Бұл жиында Ассамблеяның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Жастар жылы аясында атқарған жұмысы талқылануда.Бүкіл өңірлерден жастар делегациялары өз жұмысын қөрсету үшін осында жиналды. Сонымен қатар, олар өздерінің әлеуметтік жобаларымен жан-жақты таныстыратын болады.Мен бұл іс-шара тиімді болатынына, және жастардың ұсыныстары іске асырылатынына сенімдімін,-деді Ж.Түймебаев.

Сондай-ақ, ол 2019 жыл Қазақстан үшін ерекше екенін атап өтті. Себебі,Тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет "Жастар жылы" өткізіліп отыр.

" "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "100 жаңа есім" жобасы жүзеге асырылды. «JASTARJYLY - DANGYLZHOL» республикалық жобасы басталды. Сондай-ақ,NEET волонтерлік жастар сауалнамасы Алматы волонтерлер лигасымен жүзеге асырылды",-деді ол.

Сонымен қатар, әр өңірден жиналған талантты жастар өздерінің «Stаrtup» жобаларын таныстырды. Олардың ішінде Атырау облысы «Жаңғыру жолы» жобасы  жетекшісінің орынбасары  Аслан Аманжолов та бар.

корм.jpg

«Ұсынып отырған жобаларымның бірі – baby control. Ол жас ата-аналарға бағытталып отыр. Себебі, ата-аналардың қауырт істері шыққан жағдайда балаларын сенімді жерде қалдыру қажеттілігі туып жатады. Сондай-ақ, қазіргі технологиялардың арқасында ата-аналар осы жоба аясында балаларының не істеп жатқанын телефон арқылы бақылай алады», - деді А.Аманжолов.

Сондай-ақ, ол айтқандай,1-2 сағатқа балаларын қалдыру мүмкіндігі болады. Ол үшін барлық жағдай жасалған.

«Бұл жас аналарға қолдау ретінде құрылған әлеуметтік жоба. Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдік ретінде тегін қызмет көрсетеміз», - деді ол.

Сондай-ақ, салмақ тастау мен асқазан ауруларының алдын алуға бағытталған екінші жоба Dayin food екенін атап өтті.

«Жобаның ерекшелігі – құрт,саумал, шұбат, қаймақ өнімдерін қоса отырып, қазақтың ұлттық тағамдары арқылы дұрыс тамақтануды ұйымдастыру. Өз өнімдерімізді насихаттай отырып, олардың пайдасының зор екенін жұртшылыққа жеткізгіміз келеді», - деді ол.

Сонымен қатар, А.Аманжоловтың айтуынша, бұл жобаның ерекшелігі өнімдердің қолжетімділігінде болып отыр.

«Қазір дұрыс тамақтану үшін қомақты қаржы керек. Себебі, «дұрыс тамақтанар едім. Алайда, қалтам көтермейді» деген сөздерді жиі естимін. Адам тек қана қарақұмық не болмаса тұзсыз тамақ жеуді көп уақыт ұстана алмайды. Одан жалығып кетеді. Сондықтан да, сол өнімдерді пайдалана отырып, пайдалы, дұрыс тамақтарды жеткізетін боламыз», - деді ол.

А.Аманжоловтың айтуынша, әлеуметтік жобалардың барлығы қоғамдағы проблемаларды шешуге бағытталған.

ас.jpg

«Қазіргі таңда жастардың барлығы асқазан ауруларына шалдығады. Артық салмақпен де күресетіндері де аз емес. Ал, көп жағдайда оны қалталары көтермей жатады. Сондықтан да, аталған жобаларды ұсынып отырмын», - деді ол.

Айта кетейік,шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен мекемелер, «100 жаңа есім» жеңімпаздары қатысты.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды