• Басты
  • Ә.Смайылов: Сыртқы факторлардың экономикаға әсерінен республикалық бюджет 89,5 пайызға төмендеді
14 Сәуір, 2020 09:58

Ә.Смайылов: Сыртқы факторлардың экономикаға әсерінен республикалық бюджет 89,5 пайызға төмендеді

Сыртқы факторлардың экономикаға әсерінен республикалық бюджет 89,5 пайызға төмендеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде өткен онлайн үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Ә.Смайылов: Сыртқы факторлардың экономикаға әсерінен республикалық бюджет 89,5 пайызға төмендеді

Әлихан Смайыловтың сөзінше, мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 89,9 пайызға орындалған.

"Оның ішінде республикалық кірістер - 78,8 пайызға, жергілікті бюджеттер - 121,4 пайызға орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджет кірістерінің өсу қарқыны 101,2 пайызды, жергілікті бюджеттер - 133, 1 пайызды құрады. Сыртқы факторлардың экономикаға кері әсерінен республикалық бюджет 89,5 пайызға төмендеді. Жоспар 378 млрд теңгеге орындалмады. Олар негізінен салықтар есебінен қалыптасты", - деді ол.

Сондай-ақ ол салықтардың орындалмауына әсер еткен сыртқы факторларды атап өтті.  

"Коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде. Үшінші елдерден әкелінетін импорт көлемінің қысқаруына байланысты 11,4 мың салық төлеушілерден салық түсімдерінің көлемі 49,1 теңгеге азайды. Бұдан басқа есепті кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 29 пайызға азайды", - деді Қаржы министрі. 

Сонымен қатар оның сөзінше, сыртқы нарықта экспорттық позициялар бойынша бағалардың төмендеуі де салықтардың орындалмауына әкелген.

"Шикі мұнайдың - 22 пайызға, мырыштың - 21 пайызға, мыстың - 9 пайызға, аллюминийдің - 10 пайызға, қорғасынның - 10 пайызға, феррохромның - 12 пайызға төмендеуі корпоративтік табыс салығының азаюына әсерін тигізді. Үшіншіден, кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты ішкі тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 132 млрд теңгеге орындалмады. Бірақ та қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан, бизнес алдындағы өз міндеттемелерімізді уақытылы орындадық. Есепті кезеңде оларға 193 млрд теңге көлемінде қосылған құн салығы қайтарылдыбұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84 млрд теңгеге көп", - деді министр.

Оның сөзінше, 8 сәуірде қабылданған нақтыланған республикалық бюджетте крістер бойынша жалпы жоспар 6 трлн 414 млрд теңге сомасында бекітілген.

"Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 134 млрд теңгеге артығымен орындалып, 759 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу негізінен салықтар есебінен қалыптасты, 127 млрд теңге. Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды. Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7 пайызға, республикалық  -  99,5 пайызға, жергілікті бюджеттер - 97,7 пайызға атқарылды", - деді Әлихан Смайылов.  

Бұдан бөлек министр кешендi жекешелендiру жобaсы аясында 6 нысан сатылғанын атап өтті. Оның сөзiнше, биыл 68 нысанды сaту жоспарлaнып oтыр.

"2016-2020 жылдардағы кешенді жекешелендiру жоспарының жүзеге aсырылуы 93,2 пайызды құрады. 2020 жылға 68 нысaнды сaту жоспарланған. Оның 37-сi сатылуға қойылды. Есептi кезеңде 6 нысан 3,2 млрд теңгеге сaтылды. 31 нысан сaуда-сaттыққа шығарылды, ал 3 нысан қaйтa ұйымдaстыру және таратуға жiберiлiп отыр", - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, жыл соңына дейiн 28 нысан сатылымға шығaрылмaқ.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды