• Басты
  • Ә.Смайылов ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты
19 Қараша, 2019 09:12

Ә.Смайылов ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты


ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Ә.Смайылов ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты

ЕЭК Кеңесінде ішкі нарықтардың жұмыс істеуі, халықаралық ынтымақтастық, кедендік және техникалық реттеу, ЕАЭО сандық күн тәртібі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар мәселелері қаралды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО ішкі нарығындағы алып тастауларды, шектеулер мен кедергілерді жою бойынша жұмыстардың барысы туралы ақпараты тыңдалды.

ЕЭК кеңесі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттар мен тәртіпте еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға, сақтауға және іске асыруға бағытталған ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің жобасын мақұлдады.

ЕЭО индустрияландыру картасын қалыптастыру мәселесін пысықтау туралы ұсыныс мақұлданды, ол бір-бірінің өзара жоспарларын көруге және оларды уақтылы түзетуге және ЕЭО шеңберінде өндірістік тізбектерді қалыптастыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Ресей тарапының "Ресей Федерациясы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы "Заңының 4-бабына өзгеріс енгізу туралы" Федералдық заңға өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралып, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 1992 жылғы 7 ақпандағы № 2300-I Ресей Федерациясының Заңын техникалық күрделі тауарлардың жекелеген түрлерін сату кезінде мұндай құрылғыларда ресейлік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ережемен толықтыру ұсынылады.

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды