• Басты
  • Ә.Смайылов: Бюджет қаражатын игермеген бағдарлама жетекшілері жауапқа тартылуы қажет
12 Қараша, 2019 11:58

Ә.Смайылов: Бюджет қаражатын игермеген бағдарлама жетекшілері жауапқа тартылуы қажет

Бюджет қаражатын игермеген бюджеттік бағдарламалар жетекшілері жауапқа тартылуы қажет. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов үкіметте өткен жиында айтты, деп хабарлады  Strategy2050.kz тілшісі.

Ә.Смайылов: Бюджет қаражатын игермеген бағдарлама жетекшілері жауапқа тартылуы қажет

Әлихан Смайыловтың айтуынша, биылғы жылдың он айы ішіндегі кірістердің өсу қарқыны өткен жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда жоғары. Мәселен, мемелкеттік бюджеттің кірістері 14 пайызға, республикалық бюджеттің кірістері 17 пайызға және жергілікті бюджеттердің кірістері 7 пайызға өскен.

"Шығыстардың атқарылуы да жақсарды. Мемлекет бюджет шығыстары 98,7 пайыз, республикалық бюджет шығыстары 99,2 пайыз, және жергілікті бюджеттер шығыстары 98,4 пайызды құрады. Бюджет тапшылығы іс жүзінде есептік кезең жоспарынан едәуір төмен қалыптасты. Мемлекеттік бюджет бойынша 995 млрд теңге, республикалық бюджет бойынша 1трлн 127 млрд теңге, ал жоспар  - 1трлн 230 млрд теңге болатын. Жергілікті бюджеттер бойынша 20 млрд теңге сомасында профацит қалыптасты. Ұлттық қордың активтері 26 трлн 320 млрд теңгені құрады", - деді ол. 

Сондай-ақ оның айтуы бойынша, кірістер жобасын Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан басқа өңірлерде асыра орындалған. 

"Кірістер бойынша республикалық бюджетке түсетін кірістер 5 трлн 285 млрд теңге сомасында немесе есепті кезеңге арналған жоспарға 100 пайызға жиналды. 2018 жылдың он айымен салыстырғанда 771 млрд теңгеге өсті. Негізгі өсім қосылған құн салығы 443 млрд теңге, корпоративтік табыс салығы 194 млрд теңге, халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша 105 млрд теңге қалыптасты. Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 74 млрд теңгеге асыра орындалды және 2 трлн 27 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 140 млрд теңгеге өсті. Бұл негізі салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Кірістер жобасын Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда барлық өңірлерде асыра орындалды", - деді министр.

Бұдан бөлек Әлихан Смайылрв бюджеттің шығыстарына тоқталды. Сондай-ақ ол баяндамасында бюджетті толық игермеген министрліктерді атап өтті. 

"Республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн 565 млрд теңгені немесе 99,2 пайызды құрады. 79 млрд теңге орындалған жоқ. Оның ішінде үнемдеу - 11 млрд теңге.  Ал 68 млрд теңге игерілмеді. Бұл жерде нақтыланған бюджеттің өзгерістері ескерілмеген. Олар қараша айында көрініс табады. Ең көп игерілмеуді мынадай республикалық бюджетті бағдарламалар әкімшілігі жол берді. Экология, геология және табиғи ресурастар министрлігі 100,1 млрд теңге, Білім және ғылым министрлігі 9,3 млрд теңге, Индустрия және инновациялық даму министрлігі 7,8 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі 6,1 млрд теңге, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркісібі министрлігі 5,1 млрд теңге", - деді ол.

Сонымен қатар ол игерілмеудің негізгі себептеріне тоқталып өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік мекемелердің қайта ұйымдастырылуы, орындалған жұмыстар актілерінің уақытылы ұсынылмауы, шарттар, қосымша келісімдер жасасудың ұзақ жүргізілуі бюджеттің толық игерілмеуіне кері әсерін тигізген. 

"Жергілікті бюджеттерің шығыстары 4 трлн 705 млрд теңгені құрады. Орындалмағаны 75 млрд теңге. Есепті кезеңде өңірлерде 1 трлн 256 млрд теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді. Жергілікті деңгейде олар 97,3 пайызға немесе 1 трлн 222 млрд теңгеге игерілді. Орындалмағаны 34 млрд теңге. Оның ішінде 7 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеу. Игерілмегені 7 млрд теңге. Ең көп игерілмеу мынадай өңірлерде қалыптасты. Нұр-Сұлтан қаласы 6,1 млрд теңге, Алматы қаласы 4,9 млрд теңге, Түркістан облысында 3,4 млрд теңге, Батыс Қазақстан облысында 2,9 млрд теңге", - деді министр.

Осыған орай министр өз сөзінде Асқар Маминнен мемлекеттік бюджетті дұрыс игермеген орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті бюджеттік бағдарламалар жетекшілерін жауапқа тартуды сұрады.

"Өкінішке орай, бюджеттің үш нақтылануына екі қайтара түзетілу енгізілуіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдарда және жергілікті жерлерде он айдың қортындысы бойынша қомақты сомаға бюджет қаражатының игерілмеуі орын алып отыр. Сондықтан өз қызметінде жіберген кемшіліктері арқылы бюджет қаражатының игерілмеуіне себеп болғаны үшін жоғарыда айтылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті бюджеттік бағдарламалар жетекшілерін жауапқа тартуды сұраймын", деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол бюджеттік заңнама енгізілген өзгертулерге байланысты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаражатты игермеген тек бюджеттік бағдарламалардың жетекшілері ғана емес, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары да әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Ол түзетулер бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалануда жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Осы бұзушылықтарға енді әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл ретте әкімшілік жауапкершілікке бюджеттік бағдарламалардың жетекшілері ғана емес, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары да тартылады. Бұл түзету алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енеді", - деді министр.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды