• Басты
  • Ә.Смайылов: Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздіктер қысқартылды
3 Желтоқсан, 2019 10:39

Ә.Смайылов: Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздіктер қысқартылды

Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздіктер қысқартылды. Бұл туралы үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері туралы баяндама жасаған ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ә.Смайылов: Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздіктер қысқартылды

Оның айтуынша, кедендік әкімшілендіру шеңберінде басты назар тауарларға арналған декларацияның дұрыстығын арттыруға, сұр импортты және кедендік статистика бойынша сәйкессіздіктерді қысқартуға аударылған.

"Кедендік әкімшілендіру аясында біз басты назарды тауарларға арналған декларацияның дұрыстығын арттыруға сұр импортты және кедендік статистика бойынша сәйкессіздіктерді қысқартуға аудардық. Бүгінде Қытай мен Қазақстанның фискалды органдары экспорттық декларациялардан алдын-ала ақпаратпен алмасу туралы жасалған хаттаманың шеңберінде электронды байланыс арналары арқылы тиісті жұмысты істеуде. Осы жылдың соңына дейін онлайн деректермен алмасу жүзеге асырылатын болады деп жоспарлап отырмыз", - деді Смайылов.

Сонымен қатар, ол қамтамасыз етілген бірқатар шараларға тоқталып, сол аталған шараларды жүзеге асыру барысында Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздікті қысқартылғанын атап өтті. 

"Баға туралы ақпаратты автоматты түрде іздеу және кеденнен кейінгі бақылау модульдерін енгізу, сондай-ақ Қытайдан әкелінетін тауарлардың ассортиментін ақпарттық жүйеде толығымен қамту шаралары кедендік тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін 54 пайыздан 77 пайызға дейін арттыруға және шамамен 50 мың заң бұзушылықты анықтауға, сондай-ақ кедендік тексерулер бойынша анықталған бұзушылықтардың санын 2 мыңнан 11 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Кеденнен кейінгі бақылауды күшейту нәтижесінде кедендік баждар мен салықтар бойынша есептелген кіріс 32 пайызға артты және 14 млрд теңгені құрады. Жоғарыда аталған шараларды іске асыру Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздікті қысқартуға мүмкіндік берді", - деді қаржы министрі.

Соныдай-ақ, Әлихан Смайыловтың айтуы бойынша, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап шекара қызметімен бірлесіп, Ресей мен Қырғызстан мемлекеттік шекарасында 37 автомобиль өткізу пунктінде экспорттық бақылау күшейтілген.

"Импортқа қосылған құн салығын толық өндіріп алу үшін көлік пен жүктердің өту мониторингі жүзеге асырылуда. Нәтижесінде ЕврАЗЭО-дан түскен қосымша құн салығы түсімдері 528 млрд теңгеге дейін 20 пайызға дейін өсті. Бұл өткен жылдың осымен сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88 млрд теңгеге артық. 2020 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдардың ақпараттық жүйелерінде тиісті экспорттық бақылау модулін құру жоспарланып отыр. Көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартудың пәрменді құралдарының бірі - салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру болып табылады", - деді ол.

Бұдан басқа ол кедендік төлемдердің де артқанына тоқталды. Оның айтуынша, ЕврАЗЭО-ден қосылған құн салығы 88 млрд теңгеге және үшінші елдерден қосылған құн салығы 73 млрд теңгеге өскен. Сондай-ақ ол келтірілген нәтижелер фискалдық әкімшілендіруге бағытталған мемлекеттік кіріс органдарының жұмыс стратегиясының дұрыс екендігін білдіретінін айтты. 

"2019 жылға арналған бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы 7 трлн 81 млрд теңге сомасында айқындалды. 2018 жылдың фантісіне кірістердің 1 трлн 233 млрд теңгеге немесе 120 пайызға орындалып, оның ішінде экономиканың және экспорттық тауарлар бағасының өсуіне байланысты 393 млрд теңгеге, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсартуға және оларды цифрландыруға байланысты 840 млрд теңгеге жыл қорытындысы бойынша өсуі болжанып отыр. Тәуекелдерді басқаруды жүйелі жетілдіруде ол бақылау жасау үшін субьектілерді барынша дәл іріктеуге мүмкінді берді. Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижелілігін арттырады. Нәтижесінде салықтық тексерулердің қорытындылары бойынша  анықталған бұзушылықтардың сомасы 20 пайызға ұлғайды", - деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар оның сөзіне сүйенсек, қашықтан бақылау әдістері де жетілдірілуде. Ағымдағы жылы электронды шот-фактураларды қолдана отырып, камералдық бақылаудың жаңа рәсімдері енгізілген. Қосымша 221 млрд теңге есептеліп, өсім 19 пайызды құрап, 175 млрд теңге өндіріліп алынған. Сонымен қатар қаржы министр бюджетке салық төлеуді ынталандыру шаралары қабылдануда екенін атап өтті. 

"Ағымдағы жылы шағын және орта бизнеске және жеке тұлғаларға негізгі қарыздары төленген жағдайда есептелген өсім пулдары мен айыппұлдарды есептен шығару жолымен салықтық амнистия жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 қарашасы бойынша орта және шағын бизнес субьектілерінің 46 пайыз борышкерлері амнистияны пайдаланды. Олар 13 млрд теңге салық төледі. Олардың 4,4 млрд теңге айыппұлдары мен өсімақылары жойылды. Жеке тұлғалардың 30 пайыздан астам борышкерлері 10 млрд теңге сомасында негізгі қарызын өтеді. Олардың 2 млрд теңгеге жуық айыппұлдары мен өсімақылары есептен шығарылды. Нәтижесінде бұл жалпы берешекті 5 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді", - деді ол. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды