• Басты
  • Әскери міндеттілер жиын кезінде әскери қызметкер лауазымына ие болады – Қорғаныс министрі
3 Сәуір, 2020 11:22

Әскери міндеттілер жиын кезінде әскери қызметкер лауазымына ие болады – Қорғаныс министрі

«ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы» ҚР Президентінің Жарлығын Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев түсіндіріп берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Әскери міндеттілер жиын кезінде әскери қызметкер лауазымына ие болады – Қорғаныс министрі
«Жарлықтың басты мазмұны әкімдерге әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруға құқық беру. Бұл шараның басты мақсаты - халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әкімдер өңірлік өңірлік әскерді толық қамтуға міндеттемейді. Ол мерзім мен адам санына да қатысты. Заңға сәйкес, жиындар көп дегенде 3 айға созылуы мүмкін. Алайда, нақты уақытты жергілікті органдар реттейді. Олар өз жарлықтары бойынша жасақтау жиынын жинап, оны уақытынан бұрын да аяқтай алады. Мысалы, жеке облыстардың әкімдері   жиынды қалауы бойынша 10 күн өткізе алады. Қалағандар одан да ұқаққа соза алады», - деді министр.

Сонымен қатар, министр кейбір облыстарда әскери міндетке шақырып, жиын жасақтау мүлдем қажет болмауы да мүмкін екенін айтты.

«Мысалы, әскери бөлімшелері бар облыстарда әскерилердің басым бөлігі міндеттерді толық атқарып жатыр. Кейбір міндеттер өзге облыстарға бөлінді. Бүгінде әскерилердің айтарлықтай бөлігі стратегиялық маңызды нысандарды, қарулы қоймаларды күзетуде. Десек те, қорғаныс күштерінің резерві қажет. Сондықтан да, әкімдер өңірлерде әскери міндеттілерді шектеулі көлемде шектеулі уақытқа жинап, қолдау көрсеткендері абзал. Әскери міндеттелір жиын кезінде әскери қызметкер лауазымына ие болады. Олар барлық әлеуметтік жеңілдіктермен қамтылады. Ол азық-түлік, киім-кешек және медициналық қызметтермен қамтамасыз етіледі», - деді Н.Ермекбаев.

Сондай-ақ,  министр әскери міндеттілердің  жиын кезінде жұмыс орны мен лауазымдары сақталып қалатынын айтты.

«Мемлекет тарапынан оларға жұмыс тарапы жағынан орташа жалақы төленеді. Ал, жұмыссыздар төменгі төлем алады. Мысалы, егер адамданың айлығы 200 мың теңге болса, жиынның әрбір айына сол қалпы   200 мың теңге алады. Ал, жұмыссыз болса, төменгі төлем бізде  42500 теңгені құрап отыр. Арнайы жиындарды мобильдендірумен шатастырмауды сұраймын. Мобильдеу бұл барлық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдарды қорғаныс режиміне көшіру. Қазір ондай жағдай жоқ. Әкімдер жиынға шақыруды жыл сайын өткізіп тұрады. Әкімдер қорғаныс іс бөлімдері мен военкоматтар арқылы шақырту жүргізеді. Шақыру кезінде өз еркімен келгендерге басымдық беріледі. ТЖ жариялануынан кейін көптеген жастар өздерінің үлестерін қосқысы келетіндерін жеткізді. Қазір біздің жастар патриот.  Жарлық шыққаннан кейін де кешеден бері көп азаматтардан хабарламалар мен қоңыраулар келіп түсті. Олар үйде  жұмыссыз отырғаннан гөрі еліме үлесімді қосып, жұмыс істегім келеді деп жатыр.Ел басшылығы бұл қиындықты тез арада еңсеру үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асырып жатыр. Барлығымыз жұмылсақ, тезірек жеңетініміз де белгілі», - деді ол.

Сондай-ақ, ол жиынға шақырылмайтындарға тоқтап өтті.

«Жиынға егде жастағылар не болмаса денсаулығына, отбаслылық жағдайына қатысты азаматтар тартылмайды. Заңға сәйкес, әскери  жиынға қорғаныс, қауіпсіздік, авиация қызметкерлері мен ауыл шаруашылығы, педагогтік жұмыстарды атқаратын қызметкерлер тартылмайды. Әйелдер де шақырылмайды.  Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан азаматтар да қатыса алмайды. 18 жасқа дейін 3-тен артық баласы бар азаматтар тартылмайды. Жергілікті депутаттар да тартылмайды», - деді ол. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды