- Басты
- Әскери институтта Талғат Бигелдиновті еске алды
Әскери институтта Талғат Бигелдиновті еске алды
Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттар ұлы ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновті еске алды.

Еске алу іс-шарасында әскери институт бастығы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов болашақ ұшқыштар мен инженерлерге отандастарының батырлықтары мен еліне-жеріне деген сүйіспеншілік пен жанқиярлық ерліктері туралы естеліктерді айтты.
«Бірінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқыш-аға лейтенант Бигелдиновқа 1944 жылдың қазан айында ерлігі мен жауынгерлік шеберлігі үшін берілді. Сол кезде төрт жау ұшақтарын талқандаған батыр, дәл сендердей 22 жаста болды», - деді ол төртінші курс курсанттарына.
Бір минут үнсіздіктен кейін әскери институт басшылығы мен курсанттар батырдың мүсініне гүл шоқтарын қойды. Қоладан құйылған ескерткіш ұшу институтында 10 жыл бұрын бой көтерген. Сол кезде аты аңызға айналған ұшқыш монументтің ашылуына рәсіміне қатысқан.
Еске алу шарасы «Аспанға жол» атты деректі өмірбаяндық фильмнің көрсетілімімен аяқталды.
1941-1945жж. Ұлы Отан соғысының ардагері, ержүрек ұшқыш Талғат Бигелдинов 2014 жылдың 10 қарашасында 93 жасында өмірден озды. Берлин үшін шайқасқа қатысқан батырға 1945 жылдың маусымында екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол барлығы 305 жауынгерлік ұшу жасады.
Екі мәрте Кеңес Одағының батыры ретінде Талғат Бигелдинов екі рет «Алтын жұлдыз» медальмен марапатталды. Әр жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-ші, 3-ші және 12-ші шақырылымының депутаты болып сайланды, ҰОС мүгедектері мен жетім балаларға Халықаралық қайырымдылық қорын басқарды. Оның есімімен Қазақстанның әр түрлі қалаларында көшелер аталады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы Қарулы Күштер мен басқа да күш құрылымдары үшін авиациялық мамандар дайындайтын жалғыз жоғары әскери оқу орны – Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты аңыз адамның есімімен аталады.
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
Сайлау науқаны алдындағы шаралар қорытындыланды
-
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды
-
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды
-
Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті

