• Басты
  • «Үшарал-Достық» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс 2020 жылы ашылады
16 Сәуір, 2020 11:45

«Үшарал-Достық» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс 2020 жылы ашылады

Ұзындығы 184 шақырымды құрайтын «Үшарал-Достық» автомобиль жолы Алматы облысына қарасты Ынталы, Көктума, Жалаңашкөл және Достық елді мекендері арқылы өтетін болады, деп хабарлады Strategy2050.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 



«Үшарал-Достық» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс 2020 жылы  ашылады

Бүгінгі таңда бас мердігер «Қыран» ЖШС мен «АБК Автодор НС» ЖШС негізгі жұмыстарға кірісіп кетті. Жұмыстың сапасын «Аймерке» ЖШС, «Альянс» ИӨО» ЖШС мен «Сапаинжиниринг» ЖШС бірлесіп бақылайды. 

Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң Үшаралдан Достық елді мекеніне дейінгі 184 шақырымдық күре жол ІІ-техникалық санатқа сәйкестендіріліп, екі жолақты автожол болады. Жоба аясында 12 көпір, 278 құбыр, демалыс алаңдары салынып, елді мекендердің маңында автопавильнодар орнатылады деп күтілуде. 

Тасжолды қайта жаңарту жұмыстарына жол-құрылыс техникасының 363 бірлігі мен 571 маман жұмылдырылмақ. Ағымдағы жылдың соңына дейін аталмыш жолдың 60 шақырымында қозғалыс ашылады деп жоспарланған. Жоба аясындағы жұмыстар 2022 жылы толықтай аяқталауы тиіс.  


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды