• Басты
  • Ө.Шөкеев Жапония елшісімен кездесті
8 Қазан, 2019 10:49

Ө.Шөкеев Жапония елшісімен кездесті


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаи мырзаны және жапондық Kawasaki мен Marubeni компаниясының өкілдерін қабылдады.
 Ө.Шөкеев Жапония елшісімен кездесті

Облыс әкімдігінің баспасөз қызмет хабарлағандай, кКездесуде тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады. Аймақ басшысының айтуынша, Жапония Қазақстан Республикасы үшін, және Түркістан облысына маңызды стратегиялық серіктестердің бірі. Күншығыс елінен өңірге гербицидтердің үлкен көлемі импортталады.

«Түркістан облысы мен Жапония арасында өзара тиімді өндірістік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен перспективалар бар екеніне сенімдімін. Біз бірлескен жобаларды іске асыру үшін толық қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар, облыс әкімі Түркістан өңірінің туризм және аграрлық өнеркәсіп саласындағы жоғары әлеуетін атап өтті. Осылайша, алдағы уақытта шет елдіктермен ортақ мүддеміз ұштасқан  жобаларды іске асыруға қазақстандық және жапондық компаниялар тартылуы мүмкін.

Kawasaki компаниясы Түркістан қаласындағы 50 мвт бу-газ электр станциясын салу жобасы үшін өз технологиясын ұсынды.

Өз кезегінде облыс әкімі жапондық өнім сапасын жоғары бағалайтындығын білдірді. Алдағы конкурстарға қатысуды ұсынып, сәттілік тіледі.

Айта кету керек, биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облысқа Жапониядан жалпы сомасы 513 мың АҚШ долларын құрайтын тауарлар импортталған. Оның басым бөлігі автомобильдер мен олардың жиынтықтары, гербицидтер мен электр құралдары.

Қазақстанда қазірдің өзінде жапон капиталының қатысуымен мұнай мен газ, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автомобильдерді көтерме бағамен сату, электр байланысы, ағаш дайындау және логистика сияқты салаларда 80-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды