• Басты
  • Ө.Шөкеев: Жаңбырлатып суғару әдісін елімізде кеңінен ендіру қажет
2 Маусым, 2020 09:31

Ө.Шөкеев: Жаңбырлатып суғару әдісін елімізде кеңінен ендіру қажет

Түркістан облысында көктемгі егістік жұмыстары толығымен аяқталды. Ендігі мақсат – егістікті әртараптандыру. Яғни, дәстүрлі мақта, масақ дақылдарын азайтып, олардың орнына көкөніс, мал азығы мен майлы дақылдарды көбейту қолға алынған. Бұл туралы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ө.Шөкеев: Жаңбырлатып суғару әдісін елімізде кеңінен ендіру қажет

Бұл сала еңбек өнімділігін арттыру үшін жан-жақты талдап, нақты нәтиже беретін 3 негізгі бағытта дамуда. Ең алдымен, агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологиялар енгізілген. Бұл бағытта Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру аясында жаңбырлатып суғару технологиясы іске қосылып, қурап, бос жатқан жерлерге су келе бастады.

«Жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігін ескере отырып, елімізде кеңінен ендіруді қажет деп санаймыз. Жаңа технология қою керек. Білекті сыбанып осыған кірісу керек. Сала үш бағытта дамиды. Үлкен шаруашылық  жасап, не орта шаруашылықпен жылына 2-3 өнім алуға болады. Болмаса, кішігірім  үйдің іргесіндегі жерден де өнім алуға болады. Кейбір аудандар бар, бос жатқан, не тал жоқ, не егіс жоқ. Жұмыс істету керек, бос жатқан жер қалмау керек», – деді Өмірзақ Естайұлы.

 

Өңірде 2-3 га алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру өз нәтижесін беруде. Жобаның тиімділігі – 1 га жерден жылына 6-7 млн. теңгеге дейін табыс табуға мүмкіндік беріп отыр. Үшінші бағыт – жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру. Бұл тәсіл – әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден, экспорттаудан үздік елдердің бірі – Израиль мемлекетінде кеңінен ендірілген.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды