• Басты
  • Ө.Шөкеев Түркістанның құрылыс нысандарын аралады
22 Қазан, 2019 17:49

Ө.Шөкеев Түркістанның құрылыс нысандарын аралады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Ө.Шөкеев Түркістанның құрылыс нысандарын аралады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс басшысы алдымен салынып жатқан Әкімшілік-іскерлік орталығында болды. Бүгінде ғимараттың құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда онда облыстық әкімдік пен басқармалардың және департаменттердің ғимараттарының құрылысы жүруде.

Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы бастаған топ «Нұр-Сұлтан» алаңы мен Медиа орталықта болды. Алматы қаласының тапсырысымен салынып жатқан нысанның жалпы көлемі – 3 мың шаршы метрді құрайды.  Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылдың ақпан айында басталған болатын. Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында Қостанай облысының тапсырысымен «Неке сарайы» салынуда. Оның жалпы аумағы – 0,36 га.

Бұдан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтеретін көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.  Онда 12 көпқабатты 36 тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.  Жалпы ауданы 207,3 мың шаршы метр болатын  «Фев групп» ЖШС-і өз қаржысы есебінен 1980 пәтерлі тұрғын үй салынады. 

Сонымен қатар өңір басшысы күрделі жөндеу жүріп жатқан Түркістан магистралды су арнасында болды. Кентау тасжолының бойына отырғызылған көпжылдық ағаштардан алдағы көктемде айнала жасыл желекке бөленбек. Аймақ басшысы егілген көшеттерді баптап, бақылауды мұқият қадағалауды тапсырды. Өмірзақ Шөкеев ауқымды алқапта бой көтерген «Желілік саябаққа» тоқталып, ондағы балалар ойын алаңын аралап көрді. Өңір басшысы тиісті салалық жетекшілерге жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен бекітілген кестеге сәйкес аяқталуына баса назар аударып, бақылауды күшейтуді жүктеді.

Өмірзақ Естайұлының қала аумағын аралауына куә болған жергілікті тұрғындар облыс басшысына өз алғыстарын айтты.   Қала тұрғындары күллі Қазақстан қас қақпай қарап отырған Түркістан аймағының дамуына облыс әкімінің қосып жатқан үлесінің маңызды екенін айтып, ризашылығын білдірді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды