• Басты
  • Ө.Шөкеев: Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды
26 Мамыр, 2020 10:17

Ө.Шөкеев: Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды

Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды деуге болады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шүкеев айтты, деп хабарлады Stratgey2050.kz тілшісі. 

Ө.Шөкеев: Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды
"Түркістан облысында 857, 2 мың гектар егістік алқап бар. Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды деуге болады. 92 пайыз жұмыс аяқталды. Кейбір таулы аймақтар мен Мақтаарал ауданындағы су шайып кеткен егісті қайта егіп жатырмыз. Тыңайтқышты толықтай субсидиялау аяқталды, тұқым жетедi. Керекті шаруалардың барлығы дер кезінде орындалды. Қазіргі мақсат егістікті әртараптандыру болып отыр. Дәстүрлі дақылдарымыз мақта, масақ дақылдарды азайтып, оның орнына көкніс, мал азағы майлы дақылдарды көбейтуді қолға алып отырмыз", - деді өңір басшысы.


Оның айтуынша, 4,5 млрд теңге несие қаржы бөлініп, 1137 жоба мақұлданған.


"13,5 мың тонна тұқым дайыналып, толығымен қамтамасыз етілді. 37 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, құны толығымен төленді. 75 мың тонна минералды тыңайтқыш құны субсидяланады. 4,5 млрд теңге несие қаржы бөлініп, 1137 жоба мақұлданды. Бірақ түбегейлі жағдайды өзгерту үшін біз жаңа технологияларды қолдануымыз керек. Осыған байланысты біз үш бағытты ұстанып отырмыз. Біріншіден, Оңтүстік Қазақстанның ерекшелігі жер телімдері шаруаларда өте аз, 3 гектар, 5 гектар, көп болса 10 гектар. Ол жерлерге жаңа технологияны қолдану мүмкін емес, сондықтан коперативтерді құрастырып, жаңа технологияны пайдалануды қолға алдық", - деді Өмірзақ Шөкеев.


Оның сөзінше, осыған байланысты біз қазір Түркістанның төңірегінде жаңбырлатын суғару технолгиясын пайдалану қолға алынған

"Жалпы біздің жоспарымыз 11 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиясын алып келіп, сол жерде тұрған шаруалардың бәрін біріктіру. Қазір үш коператив біріктірілді. Біреуі - "Түркістан агро21" деген коператив, оған 733 гектар жерге 107 шаура біріктіріліп, былтырдан бері жаңбырлатып суғару технологиялары қойылып, қазір өте жақсы нәтижеге жетіп отырмыз. Былтырғы күздік бидай қазір 60 центнерді көрсетіп тұр. Ол күздік бидайды осы екі аптаның ішінде орнына екінші дақыл жүгеріні егуге дайындалып жатыр. Осының арқасында сол жерге сүт тауарлы фермасын құрып, 1200 бастық ятальяндық технологиямен осынай ферма құрылып жатыр", - деді аймақ басшысы.


Сонымен қата ол құрылған коперативтерді атап өтіп, олардың мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті. 

"Оның жанында тағы "Сауран" деген коператив бірікті 650 гектар жерге. Сонда аустралиялық технологияны пайдалану арқылы 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы құрылып жатыр. Сонымен бірге 782 гектарға "Анытымақ агро" деген коператив құрылды. Терещенконың күркетауық өсіретін компаниясы бар, сол компания осы жерге тауық етін өндіретін фабрика салып, күркетауықтарды азықпен қамтамасыз етуге кірісіп жатыр. Тағы 11 мың гектар жерге 10-15 коператив құрамыз деген жоспарымыз бар", - деді Шөккев.


Оның пайымдауынша, бұл Түркістан қаласының микроклиматын да жақсартуы керек.

"Түркістан қаласының микроклиматын да жақсартады деп ойлаймыз. Одан бөлек тамшылатып суғару алқаптарының арасынан жасыл белдеу де егіліп жатыр. Оған 7 мың гекртарға тал егу қолға алынған. Биылдың өзінде 2 мың гектары егілді. 1,2 гектары бар шаруашылықтары бар, оған біздің оңтүстік облысындағы университет ғалымдары жасаған технологиямен 2-3 өнім алатын жобаны іске асырып жатырмыз. 1 өнім ақпанның екінші он күндігінде егілсе, мамырдың үшінші он күндігінде алуға болады. Қазір жиналды. Сонда шығын бірінші егілгеннің шығыны - 1 млн 301 гектарына  болса, 1 млн 300 теңге. Одан алынатын өнім қазіргі бағамен 4 млн теңге. Жалпы 3 млн 700 мың пайда болады", - деп түйiндеді.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды