- Басты
- Жаңалықтар
- Ө.Шөкеев: Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басым бағыттары айқын
Ө.Шөкеев: Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басым бағыттары айқын
Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басым бағыттары айқын. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткен мәжілісте айтылды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасын жүзеге асыруда облыста Сарыағаш, Түлкібас, Жетісай, Отырар, Келес аудандары көш бастап тұр. Бәйдібек, Төлеби мен Шардара аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар әлі де ақсап тұрғаны белгілі болды.
"Аграрлы аймақ болып саналатын Түркістан облысында осы саладағы еңбек өнімділігін арттырып, дамыту үшін нақты нәтиже беретін 3 негізгі бағытта жұмыс жүруде. Бірінші бағыт, агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу. Екінші бағыт, кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру. Үшінші бағыт, жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру. Мәжілісте осы жұмыстарды ары қарай дамыту жолдары қарастырылды", делінген хабарламада.
Өмірзақ Естайұлы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» мен жеке қосалқы шаруашылықтардың үйіргелік жерлерін дамыту жобаларын түсіндіру мақсатында әр ауданда семинар ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, сала басшыларына «Еңбек» бағдарламасымен бизнес идеяларды іске асыруға берілетін 530 мың тг. көлемінде мемлекеттік грант алуға жеке қосалқы шаруашылық иелерін оқыту, грант алу жолдарын түсіндіретін нұсқаулық жоба әзірлеуді жүктеді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр