• Басты
  • Сарыарқа газ құбырының құрылысы қазанда аяқталады – А.Есімов
25 Қыркүйек, 2019 16:47

Сарыарқа газ құбырының құрылысы қазанда аяқталады – А.Есімов

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар елордада бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
    Сарыарқа газ құбырының құрылысы қазанда аяқталады – А.Есімов  | Strategy2050.kz

Меморандумға астананы газбен қамту, электронды сауда, Smart city бағдарламасы, сатып алу, әлеуметтік қызметтер, импорт алмастыруды дамыту, электронды сауда мен пошта желісін дамыту, жастарды қолдау, HR саласын дамыту сияқты 9 бағыт кіреді.

Осылайша, «Ақылды қала» (Smart city)  бағдарламасы Нұр-Сұлтан қаласын дамытуға арналған. Аталмыш бағдарлама аясында 2019-2020 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ елорданың 3000 кіре берісіне 6000 бейнебақылау камераларын орнатады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру мәселелері талқыланды. «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржыландырады. Қазақстанның астанасын, елдің орталық және солтүстік аймақтарын қамтасамыз ететін газ құбыры жақын арада қалаға беріледі.

«Сарыарқа газ құбырының құрылысы 10 қазанда аяқталады. Қала үшін барлық жұмысты дайындау оңай емес екенін білемін. Бұл өте маңызды мәселе, сондықтан қазір тығыз және өзара жұмыс істеу қажет», - деді А. Есімов.

Сонымен қатар, электронды сауда және пошта желісі тақырыбы талқыланды. 2019 жылы франчайзингтің 8 пунктін, сондай-ақ 12 франчайзинг пункті мен 200 автоматтандырылған сәлемдемені жеткізу пунктерін ашу 2020 жылға жоспарланған.

Меморандумның маңызды бөлігі сатып алу, атап айтқанда импортты алмастыру және жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріне арналды. Қор ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу арқылы Нұр-Сұлтан қаласында жаңа нысандарды салуға қатысты жобаларға қолдау көрсетеді. Өз кезегінде, елорда әкімдігі жаңа өндірістер құру жобаларын, оның ішінде МЖС арқылы іріктеуді қамтамасыз етеді. Жаңа өндірістер құру жобаларына жалпы 1,6 млрд, теңге бөлінді.

Елордалық кәсіпкерлерге Қор тобын сатып алуға қатысуға көмек көрсету аясында «Самұрық-Қазына» АҚ қала кәсіпорындарынан тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемін 2018 жылмен салыстырғанда кем дегенде 10%-ға арттыруды қамтамасыз етеді. 2019 жылы Қор астаналық кәсіпкерлерден сатып алуға шамамен 380 млрд. теңге бөлді.

Сонымен қатар, тараптар Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік саласының мәселелерін талқылады. Қор әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, церебралды сал ауруы бар балаларды оңалту, әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржылық қолдау көрсетеді. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл атлетикалық спорт кешенін және қазақ драма театры сияқты әлеуметтік нысандарын салуға  жалпы 58 млрд. теңге бөлінді.

Сөз соңында Қор басшысы елордаға деген мақтаныш сезімі мен  қаланың гүлденуіне деген үміт білдірді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды