• Басты
  • «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің шығыстарын қысқартады
22 Мамыр, 2020 12:01

«Самұрық-Энерго» АҚ өзінің шығыстарын қысқартады

«Самұрық-Энерго» АҚ 2020 жылы өзінің шығыстарын 18,5 млрд. теңгеге қысқартады.  Бұл жерде сөз ағымдағы шығыстарды да, күрделі сипаттағы шығыстарды да оңтайландыру туралы болып отыр. Қысқарту жөніндегі іc-шаралар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда, деп хабарлады Strategy2050.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
   «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің шығыстарын қысқартады

 Ағымдағы жылғы наурызда Қордың топ-менеджменті мен портфельдік компаниялардың басшылары қалыптасқан  күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып, іске асырылған және болуы ықтимал тәуекелдерді назарға алу механизмдерін талқылағаны белгілі. Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында – өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту. 

Операциялық шығыстармен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұлар бойынша оңтайландыру 15,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестициялық шығыстардың 13%-ін құрайды.  Мыналар оңтайландырылды: 

- Инвестициялық жобалар, сомасы 9,3 млрд. теңге;

- Өндірістік активтерді жұмыс бабында ұстауға кететін шығыстар – 2,3 млрд. теңге, әкімшілік активтерді ұстауға кететін шығыстар – 36 млн. теңге; 

- Өзге де күрделі шығыстар 4,2 млрд. теңге мөлшерінде.

Бүгінгі күні Корпоративтік орталықтың 30% қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшірілген. 

Тұтас алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы қазіргі кезде штаттық режимде іске асырылуда. 

Барлық жаңалықтар
100.24.125.162, 192.168.88.100