• Басты
  • «Самұрық-Қазына» мен Тұңғыш Президент қоры ерекше балаларға көмектеседі
9 Қаңтар, 2020 16:07

«Самұрық-Қазына» мен Тұңғыш Президент қоры ерекше балаларға көмектеседі

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев Қоры арасында қол қойылған меморандум аясында 8 БМС бар балаларға арналған оңалту орталығы және 8 қосымша инклюзивті қолдау кабинеті құрылады. Тараптар денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
 «Самұрық-Қазына» мен Тұңғыш Президент қоры ерекше балаларға көмектеседі

Қор Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов өз сөзінде Қор соңғы жылдары жақсы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізгенін және Қазақстандағы қайырымдылық бағдарламаларының ең ірі доноры екенін атап өтті. Қор компаниялары тобының қайырымдылық көлемі соңғы 5 жылда жалпы 1 миллионнан астам адамды қамти отырып, 60 миллиардтан астам теңгені құрады.

«Меморандум аясында бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасының бастамасы «Қамқорлық» бағдарламасы іске қосылады. Осындай бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы «Самұрық-Қазына» Қоры ауыр жағдайға тап болған, осы мәселелерді шешуге мүмкіндігі жоқ адамдардың өміріне өзінің елеулі үлесін қосатынына сенімдімін», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов.

«Самұрық-Қазына» басшысы «Қамқорлық» бағдарламасы бизнестің, мемлекеттің және үкіметтік емес сектордың үшжақты ынтымақтастығының жарқын мысалы болатынын атап өтті. Айта кетейік, «Қамқорлық» бағдарламасы БМС бар балаларды оңалту, инклюзивті қолдау кабинеттері мен ерте араласу орталықтарын материалдық-техникалық жабдықтау бағыттары бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуді қарастырады.

Өз кезегінде, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры 171 маманды оқытуды және аталған орталықтарды ашу үшін 49 оңалтушы үшін біліктілікті арттыруды ұйымдастырады, ал жергілікті атқарушы органдар үй-жайларды дайындайды. Жаңа оңалту орталықтары мен инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істеп тұрған ауруханалар, емханалар мен жалпы білім беретін мектептер базасында ашылатын болады.

«Біздің жұмыс тобы барлық аймақтарды аралап, оңалту орталықтары мен инклюзия кабинеттері орналасатын елді мекендерді анықтады. Олар 8 облыста жұмыс істеп тұрған ауруханалар, емханалар және жалпы білім беретін мектептер базасында ашылатын болады. Бастапқы кезеңде қажетті мамандар, жабдықтар тізімі анықталды, мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірледі. Елбасы біздің алдымызға осы жылы оңалту орталықтарын ашу міндетін қойды. Әрине, бұл үлкен жұмыс. Бұл қиын істе бізде «Самұрық-Қазына» секілді мықты серіктес бар. Біз бірге ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ең жақсы жағдай жасаймыз және оларға өз мақсаттарына қол жеткізуге көмектесеміз»,- деді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры – Әсет Исекешев.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды