• Басты
  • Құс тұмауы: таралу себебі, сақтық шаралары мен адамдарға қауіпі
21 Қыркүйек, 2020 16:37

Құс тұмауы: таралу себебі, сақтық шаралары мен адамдарға қауіпі

Статистика бойынша Қазақстанда 46,7 млн.құс басы бар, оның үштен бірі жеке аулаларда. Қалғаны құс фабрикаларында. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құс тұмауының адамдарға әсері, Қазақстанда қырылып жатқан үй құстарының мәселесі талқыланды. Құс тұмауы жайлы ақпаратты Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.


Құс тұмауы: таралу себебі, сақтық шаралары мен адамдарға қауіпі

Құс тұмауы адамдар үшін қауіпті емес

Ауылшаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауының адамдар үшін қауіпі жоқтығын айтты. Қазіргі таңда Қазақстанның бес облысындағы 26 ауданның 47 елді-мекенінде құс тұмауының таралуы тіркелді. Қазір жеке фабрикалардағы 12 926 құс ауруға шалдыққанн. Енді өзге аймақтарда аурудың таралмауы үшін құстарды сыртқа шығаруға шектеулер қойылды.

Құс тұмауының түрін анықтау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Біз Солтүстік Қазақстан облысында болдық. Құс тұмауы анықталған аймақтарда арнайы қызметкерлер Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен бірлесіп ветеринариялық тиісті шаралар жасап жатыр. Біз іссапар барысында мұны көрдік. Кейбір құс фабрикалары дер кезінде вакцинациялау жасап, бұл құс індетінен аман қалдыү Олардың құстары аурудан аман, - деді ол.

Сонымен қатар, олар компартментализация талаптарына сәйкес келеді. Яғни, құстар үшін ауру таралып жатқан қолайсыз аумақта жағдай тұрақталғанға дейін оқшаулану режимі жарияланады. Бұл құс өнімдерін тұтынушылар үшін қауіптің алдын алады. Тұтнушылар жұмыртқа, тауық етін күн сайын дүкендерден сатып алады.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев әлемдік тәжірибені мысал келтірді. Ол құстың ауруы адамдарға жұқпайды деп сендірді. Әлемде мұндай жағдай өте сирек кездескен. Егер адам ауру құстармен немесе сол аурудан өлген құстармен тікелей байланыста болса, яғни оларды ұстаған болса, онда құс тұмауын жұқтырады.

Қорқынышқа негіз жоқ. Құс тұмауын жұқтырған адамдар жоқтың қасы. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі байланыста болған адамдарды анықтады. Құстармен тікелей жұмыс істеген 400-ге жуық құс фабрикасының қызметкерлері. Олардың барлығы тиісті медициналық қараудан өтіп жатыр. Жағдайлары жақсы, - деп сендірді сенімді өкіл.

Ол өз сөзінде Қазақстанда құс тұмауы тіркелген кезден бастап құс етінің дүкендер мен базарларға өткізілу қатаң бақылаудан өтеді. Сауда орындарында күн сайын құжаттық бақылау жүргізіледі. Ветеринариялық анықтамаларды, сертификаттарды және сапаға сәйкестік туралы декларация сияқты маңызды құжаттарды арнайы мамандар қатаң тексереді. Күдікті өнімдер тұтынушыларға жіберілмейді. Қазір зертханалық сараптама жүргізу үшін өнімдерді іріктеу жүргізіліп жатыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, құс тұмауының таралуы ішкі нарықтағы жағдайға әсер етпейді.

Елімізде дәл қазір 35 фабрика жұмыртқа өндіреді. Олардың өндіріс қуаттылығы тиісті деңгейді. Ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ете алады. Демек жұмыртқа тапшылығы болмайды. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысындағы өңір құс фабрикалары өңір сұранысын қамтамасыз етіп, өнімді басқа да аймақтарға сата алады. Қазіргі кезде құс тұмауының таралу жағдайы арнайы өкілетті органдар мен мамандардың қатаң бақылауында, - деді Еркебұлан Ахметов.

Қазақстанда жылына 5 млрд 400 мың дана жұмыртқа басып шығарылады. Сонымен қатар, 223 мың тонна құс еті өндіріледі. Жұмыртқа бойынша Қазақстан ішкі нарықты артығымен қамтиды, яғни 106 %-ды құрайды. 500 млн. астам жұмыртқа жыл сайын Қазақстаннан сырт елдерге экспортқа шығарылады.

 Үй құстары ауруды жабайы үйректерден жұқтырған

 Соңғы екі аптаның ішінде Солтүстік Қазақстанның құс фабрикасында 41 мың құс қырылды. Үй аулаларында 14 мың құс өлген. Ауру жабайы үйректерден жұққан. Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Эпизоотиялық талдау жүргізілгенін айтты.

Құстардың жұқпалы дертті таратуы солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударатын жабайы құстың өлімінен кейін басталған. Мамандардың арнайы мониторнгі көрсеткендей, жабайы аққу, жабайы үйрек, синантропты құстар, көгершіндер, қарғалар, құзғын қарғалар да далаларда қырылып жатыр.

Ақмола облысының 5 ауданындағы 9 ауылда 286 құс басы қырылған. Есіл ауданының Жарқайың ауылына кіруге шектеу қойылды. Қостанай облысының 6 ауданындағы 6 ауылда 505 құс басы қырылды. Қостанайдың екі ауылына кіруге шектеу қойылды. Павлодар облысының Сарыкөл ауданының ауылдарында 1463 құс аурудан өлді. Қарағанды облысының Нұр ауданында 43 бас үй құстары қырылған.

Құстар бір су қоймадан су ішкен. Сол су арқылы дереу таралған. Зертханалық зерттеу жүргізілгеннен кейін «жоғары патогенді құс тұмауы» диагнозы қойылды. Мемлекеттік қордан вакцинаға қаражат бөлінді. Мемлекет есебінен алынған 1, 4 млн.доза екпе 4,7 млн. бас құсқа жетеді. Сонымен қатар, 3,5 млн.басты қамту үшін қосымша 1 млн. доза алынады, - деді вице-министр эпидемиологиялық жағдай туралы.

Ауру келмей тұрып, жыл басынан бері ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті өңірлерге 3,4 млн. құс тұмауына қарсы вакциналардың дозаларымен, жеке аулалардағы 11,8 млн. бас құс вакцинацияларын жіберді. Уақытылы вакцина салдырған құс фабрикалары дерттен аман.

Ауру таралды. Құстар өлді. Өлген құстар мен ауру құстар түгел өртелді. Құстар мекендеген жерлерге дезинфекця жұмыстары жасалып жатыр. Үй құстарын асырап отырған иелерге 390 млн теңге өтемақы төлеу үшін берілетін болды.

Бұл қаржы қалай есептеліп бөлінеді? Вице-министр Гүлмира Исаева есептеп-бөлу ережесін түсіндірді. Өлген малдың немесе құстың орташа айлық құнын әкімдіктер жанындағы арнайы комиссия жыл бойы жүргізеді. Олар сметаны эпизоотияға қарсы отрядқа тапсырады. Осы бағалар бойынша өтемақы жүзеге асырылады. Құжаттар дұрыс рәсімделген жағдайда, үш күн ішінде зардап шеккен құс өсірушілердің шотына ақша аударылады.

Барлық жаңалықтар