• Басты
  • Құрылыс саласында жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қалай сақтау керек
13 Сәуір, 2020 12:44

Құрылыс саласында жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қалай сақтау керек

Қазіргі уақытта республиканың әртүрлі аймақтарындағы құрылыс алаңдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс құрылымдарын монтаждау және технологиялық жүктерді жылжыту жұмыстары 1092 мұнаралы жүк көтергіш кранды қолдану арқылы атқарылады. Бұл механизмдерді іске қосу кезеңінен бастап қауіпсіз жұмыс істеуіне мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мамандары жүзеге асырады.
Құрылыс саласында жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қалай сақтау керек

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында төтенше жағдай кезінде аумақтық бөлімшелер мемлекеттік қадағалау әдістерін қайта қарады, яғни жұмыс уақытша қашықтықтан атқарылады.

Айта кететін жайт, үстіміздегі жылдың басынан құрылыс алаңдарында крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын (жауапты тұлғалар мен жұмысшыларды даярлау және қайта даярлау, мұнаралы крандарды жұмыс жүргізу орындарында монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін техникалық куәландыру жүргізу, жүк көтергіш крандарды тіркеу) сақтамау салдарынан апаттар орын алды. 2020 жылғы бірінші тоқсанда 5 апат болып, адамдар қайтыс болды.

Осыған байланысты, аумақтық бөлімшелер құрылыс ұйымдарымен алдын-алу жұмыстарын жүргізуде. Оларға орындалуға тиісті өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы туралы ақпараттық хаттар жіберіп, апаттарға және адам өліміне, оның ішінде технологиялық үрдістерге қатыспайтын апаттарға және адам өліміне әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтардың ықтималдығын барынша азайтады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды