• Басты
  • "ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсы өтуде
2 Маусым, 2020 11:18

"ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсы өтуде

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, үздік кәсіби білімі мен дағдысы бар мемлекеттік қызметшілерді анықтау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен "Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі" конкурсы өткізілуде, деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.

"ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсы өтуде
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін қаланың мемлекеттік қызметкерлері арасында құжаттарды қабылдауды жүзеге асырды. Конкурсқа қатысуға 48 адам ниет білдірді. Конкурсқа жіберілген 37 қатысушыларға 30 мамыр күні сағат 10.00-де WhatsApp мессенджеріне және электрондық пошта арқылы кейстік тапсырмалар жіберілді. Кейстік тапсырмаларға жауаптарды қатысушылар 5 минуттан аспайтын бейнежазба түрінде жолдайды.

Өңірлік комиссия қатысушылардың кейстік тапсырмаларға жауаптарын және мотивациялық эссе сапасын 10 балдық шкала бойынша бағалайды. Өңірлік комиссияның отырысы 1-5 маусым аралығында қашықтықтан (онлайн) өткізілетін болады.

Бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған үш финалист-үміткер Республикалық комиссияға жіберіледі. 

Республикалық комиссия анықтаған жеңімпаздар «Жылдың Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, мемлекеттік қызметшілер күніне арналған дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды