- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ІІМ Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталықпен бірігіп жұмыс істейді
ҚР ІІМ Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталықпен бірігіп жұмыс істейді
Бұл Меморандумның мақсаты – жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде ІІМ қызметінің тиімділігін арттыру, жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерлету бойынша бірлескен іс-әрекеттерді іске асыру, жемқорлықты туындататын себептер мен салдарларды жою болып табылады.
Ішкі істер министрі кездесуде ІІМ жемқорлықты жою үшін барлық шараларды қабылдайтынын атап өтті. 2019 жылы қызметкерлер тарапынан орын алған жемқорлық қылмыстар саны 27 пайызға азайған.
Бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі ұстанымдары енгізілді. Қол астындағы қызметкерлер тарапынан жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алған жағдайда басшысы орнынан босатылады.
Сондай-ақ, кадрларды іріктеу және тағайындау талаптары жоғарылады. Бұл ретте жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитетіне және кәсіби қабілетіне баса мән берілетін болды. Ведомстволық білім беру жүйесі жаңғыртылды, ал үміткерлерді қызметке қабылдау тек қана конкурстық негізде, ашық және айқын жүргізіледі.
Кадрлық өзгерістер мен жоғары аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша орталық аппарат пен өңірлік департаменттерінің басшылық құрамы 60 % жаңартылды.
Цифрландыру және автоматтандыру арқылы халықпен тікелей қатынас және сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттары азайтылды. Бүгінде 23 мемлекеттік қызмет (40 қызметтің) электрондық форматқа көшірілді.
Жол полициясының институты таратылды, ал патрульдік бөліністердің қызметкерлері бейнетіркегіштермен және планшеттермен жарақтандырылды, бұл оларды бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, барлық тіреу-емтихан қабылдау бөліністері таратылды. Олардың функцияялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.
Автомобиль иелері тарапынан сынға ұшыраған «Шеп» тосқауыл жүйесінің стационарлық бақылау бекеттерінің басым көпшілігі жабылды. Әдетте, осындай бекеттерде көліктерді себепсіз тоқтатуға жол беріліп, парақорлық фактілері орын алатын.
Ішкі істер оргадарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі белсенді жұмысты ведомство жалғастыра беретін болады, деп атап өтті Ерлан Тургумбаев.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл міндетті біздің мемлекет Басшымыз барлық мемлекеттік органдар алдына қойып отыр. ІІМ бұл мәселеге кешенді түрде қарастыруда. Біз өз қызметкерлеріміздің арасында ғана заң бұзушылықтарды анықтап қана қоймаймыз, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға мүмкіндік болмайтындай жағдайлар жасаудамыз», деді ведомства басшысы.
Өз кезегінде Төлеген Байғұлов Ішкі істер министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі іс-қимылын жоғары бағалады, сондай-ақ қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде полиция қоғам үшін ашық бола бастады, деп атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы