Қостанайлық заңгер 42 500 теңге үшін алғыс айтты

18 Сәуір, 2020 15:25
Қостанай облысындағы заңгерлік орталығының басшысы әлеуметтік көмекке қалай өтінім бергенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қамбар Шарафиев бірнеше жыл бұрын заңгерлік орталығын ашқан. Төтенше жағдайлар режимі енгізілген соң жеке кәсіпкердің де жұмысы тоқтады. Алайда ол табысынан айырылған кәсіпкер ретінде мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке ие болды. 

«Төтенше жағдай режимі енгізілген соң кәсібімді де тоқтата тұруға мәжбүр болдым. Қаржы мәселесі туындаған соң Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесіне жүгініп, 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алғым келді. 2020 жылғы 31 наурыз күні egov.kz порталына кіріп, әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтінімді толтырдым. Маған әлеуметтік төлем берілетіні туралы хабарлама келді. Ал бірнеше күннен кейін 42 500 теңге менің есепшотыма түсті. Осындай жағдайда кәсіпкерлерді қолдаған ҚР Президентіне, ҚР Үкіметіне, Қостанай қаласының жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Жергілікті атқарушы органдар уақытылы, жедел көмек көрсетті. Біз коронавирусты да тез жеңеміз деп үміттенемін», - дейді Қамбар Шарафиев.

Барлық жаңалықтар