• Басты
  • Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек - А.Шпекбаев
11 Қараша, 2019 16:54

Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек - А.Шпекбаев

Елордада "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі –Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті. Жиынға қатысып, сөз сөйлеген ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек  -  А.Шпекбаев

"Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында жасалып жатқан мұндай жобалар жемісін береді деген ойдамын. Осы сияқты жобаларды,  жобалық кеңселерді тек орталықтарда ғана емес, облыс орталықтарында да ашуды қолға алсаңыздар. Олар да осындай нәрселерді ұйымдастырып,  алып кету керек. Бұл "Адалдық алаңы"  жобасының басты мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою. Осы мақсатта бірқатар шара ұйымдастырылуда. Шараларды ұйымдастырып қана қоймай,   елдегі қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек. Әркім өзінен бастауы керек",  - деді агенттік төрағасы. 


Сонымен қатар, шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысып, жемқорлықпен күресу мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

"Тәуелсіздігімізді алған сәттен бастап Елбасы Назарбаевпен жарияланған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдығының бірі. Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне ерекше назар аударды. Тоқаев орталық және жергілікті органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге,  сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалы және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керектігін атап өтті.  Жемқорлықпен күресу министрліктің де басты мақсатының біріне айналды",- деді министр.

Бұдан бөлек министр министрлікке жүктелген міндеттер мен алға қойылған мақсаттарға тоқталды.

"Министрліктің сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған 2019-2020 жылдарға арналған жоспарында мемлекеттік органдар қызметінің ашық болуы,  тұрғындармен, азаматтық қоғамдармен және сарапшылармен байланысты күшейту көзделген. Бүгін "Экология,  геология және табиғи ресурстар министрлігі  - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ресми тұсаукесеріне жиналып отырмыз. Қыркүйек айында Олжас Бектеновтың қатысуымен меморандумға қол қойылды, кейін "Адалдық алаңы" жобасының жарғысы бекітілді. Жоба аясындағы ақпараттарды министрліктің сайтынан табуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ азаматтарды қабылдайтын да кабинет ашылды",- дед Мырзағалиев.

Сонымен қатар "Адалдық алаңы" жобалық кеңсенің жетекшісі А.Соловьева аталған кеңсенің мақсаты туралы айтып берді.

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі –Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің миссиясы - мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық қағидаттарын қалыптастыру, азаматтардың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ведомстволарында сыбайлас жемқорлықты азайту және азайту арқылы олардың сенімін арттыру",- деді жобалық кеңсе жетекшісі.

Бұдан бөлек ол жобалық кеңсенің қызметтеріне тоқталып өтті.

"Аталған жобалық кеңсе өз қызметін үш бағытта жүзеге асырады. Біріншіден,  ашықтық, тұтастық және дайындық қағидаттарын іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру. Екіншіден,  адамдардың өмір сүруіне сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Ал үшіншіден, қоғамның талдауы мен мониторингінің негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру",  - деді ол.

Айта кетейік, аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мырзағалиев М, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев, министрліктің департаменттері мен қосалқы ұйымдарының басшылары, Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшелері қатысты.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды