• Басты
  • «Nur Otan» мұқтаж отбасыға баспана алып берді
7 Ақпан, 2020 14:50

«Nur Otan» мұқтаж отбасыға баспана алып берді

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылының тұрғыны мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты ана Дариға Аманбаеваға «Nur Otan» партиясы Қарасу Бастауыш партия ұйымы төрағасының ұйымдастыруымен  баспана салып берді.
    «Nur Otan» мұқтаж отбасыға баспана алып берді

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков қуаныш иелерінің шаңырағына барып, отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көрді. Мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған 3 баланың анасы қонақтарды шашу шашып қарсы алып, алғыстарын білдірді.

   «Қамқорлық деген қанымызда бар асыл қасиет. Жанашыр бола білуді, жүрек жылуымен қол ұшын созуды адамның азаматтық парызы, деп білуіміз керек. Қолынан келгенше ел болып, бауыр болып, көрші болып бір-біріне аяққа тұруға қолғабыс бола білген жөн. Сіздердің қуаныштарыңызды көріп, толқып тұрмын», – деді жаңа қоныс иелерімен қауышқан облыс әкімі.

  Түркістан облысында жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беруді меңзейді. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі азаматтар әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға тұрмысқа қажетті заттарын, көмір, отынын молынан үйлестіруде.

   Жақын уақытта Қарасу елді мекенінің тағы бір отбасы тұрғын үй тауқыметінен арылады. Қамқорлықты қажет ететін Абдуалиевтер отбасына тұрғын үй салынуда. Аталған жұмысқа Бастауыш партия белсенділері, ауыл тұрғындары, мәслихат депутаттары демеушілік жасауда.  «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Нұротандықтар алдағы уақытта көмекке мұқтаж отбасыларға баспана салып беруді жалғастыра береді. Жалпы, облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды