- Басты
- Жаңалықтар
- «Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мәдениет саласындағы ұйымдар мен ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар және дене күтімін қажет ететін мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында «Ónerpaz bolsań…» атты республикалық байқау басталды. Үміткерлерден өтініш 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында қабыланады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
ҚР Мәдениет және спорт министрілігі мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев мемлекет саясатының ең маңызды әлеуметтік бағыттарының бірі – ерекше қажеттілігі бар адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру, олар үшін басқа адамдармен теңдей қоғамның барлық объектілерін қолжетімді ету екендігін атап өтті. Осыған орай, мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылы тұңғыш рет ерекше қажеттіліктері бар талантты адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс жасайтын мәдениет ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету үшін «Өнерпаз болсаң» республикалық фестивалін ұйымдастыруда.
Мәдениет комитетінің төрағасы фестивальдің мақсаты вокал, би, бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, қолөнер және т.б. секілді мәдениет пен өнердің түрлі саласын меңгерген ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың басын біріктіріп, оларға шығармашылық қолдау көрсету екендігін атап өтті. Оның айтуынша, министрлік ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ, ол елімізде 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» республикалық фестивалі аясында арнайы номинация қарастырылғанын айтып өтті. Бұл номинация еліміздегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар мен олардың қызметкерлеріне табысталады.
«Еліміздің музейлерінде мүмкіндігі шектеулі суретшілер мен қолөнер шеберлерінің жеке көрмесін ақысыз өткізуге қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, бүгінде Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі отандық танымал пейзажист-суретші Анар Абжанованың жеке көрмесін өткізу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде», - деді Ақан Абдуалиев.
Оның айтуынша, мәдениет ұйымдарының көрсететін ақылы қызмет бағаларының тізбесіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тегін кіруге мүмкіндік берілген. Сондай-ақ, Covid пандемиясына байланысты шектеу шаралары орын алған тұста бұл азаматтарға мәдени қызмет түрлері онлайн режимінде көрсетілген.
«Оның ішінде Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі есту қабілеті бұзылған адамдар үшін арнайы бейне-экскурсиялар ұсынды», - деді мәдениет комитетінің төрағасы.
Осы орайда, ол бүгінгі фестиваль еліміздегі ерекше қажеттіліктері бар талантты азаматтарды анықтауға, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс жасайтын мәдениет ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндік екендігін тілге тиек етті.
««Өнерпаз болсаң» фестивалі, бұл – өнер мен мәдениет мерекесі. Сіз бен бізге ортақ қуаныш. Ендігі жерде бүгіннен бастап 8 қазанға дейінгі аралықта республикалық байқауға қатысу жөніндегі өтінімдерді қабылдау жүргізіледі», - деп түйіндеді Ақан Абдуалиев
Сондай-ақ, ол басты мақсат үздік қызметкерлер мен ұйымдарды анықтап қою ғана емес, олардың өзара тәжірибе алмасуы мен жаңа белеске көтерілуіне жағдай жасау екенін жеткізді.
Венера Жоламанқызы
фото:
Ашық дереккөз
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды