• Басты
  • Үнді сазгерлері «Бірігіп біз күресеміз» атты музыкалық туынды шығарды
12 Мамыр, 2020 18:03

Үнді сазгерлері «Бірігіп біз күресеміз» атты музыкалық туынды шығарды

Мәдени байланыстар бойынша Үнді кеңесі (ICCR) Үндістанның әр түкпірінен келген сазгерлер, музыканттар мен әншілерді жинап, үйлерінде музыка жазбаларын біріктіріп, «Бірігіп біз күресеміз» атты әдемі музыкалық туындысын жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz Үндістанның ҚР-дағы елшілігіне сілтеме жасай отырып.

 

 Үнді сазгерлері «Бірігіп біз күресеміз» атты музыкалық туынды шығарды

Мәтінін жазған және әуенін әрлеген Джо Альварес, вокалын орындаған Уша Утуп, Салим Мерчант, Шефали Альварес Рашид, Бенни Дайал, Сонам Калра, Чандан Бала Кальян, Джо Алварес, Саломе мен Самира, және музыкасын дайындаған Тубби, Пандит Рави Чари, Пандит Ракеш Чаурасия және Устад Файсал Куреши, бұл ән - Үнді классикалық музыка ноталары мен соққыларына Ағылшын тіліндегі сөздерді тоқу арқылы, Васудхайва Кутумбакам - әлем бір отбасы мәнін таратуда. COVID 19 қарсы ұжымдық күресте бұл әуен үміт, қуаныш, икемділік, жауынгерлік рухты әкеледі.

   Бұл вирус барлық адамзатқа физикалық және әлеуметтік шекаралар, касталар, таптар, түстер, діндер мен наным-сенімдер жүйелеріне қарамастан әсер етіп, әлемді тізе бүктірді. Бірақ біз бірігіп күресеміз, тұрақты түрде көмектесеміз, жәрдемдесеміз, біліммен бөлісеміз, өзара ынтымақтасып үйлестіреміз, шекараларға қарамай Корона вирусына қарсы БІР күш ретінде күресеміз.

 Бұл композиция бізді қорғау үшін өз өмірлерін қатерге тіккен барлық COVID-ке қарсы күрес әлемінің батыл жауынгерлеріне шексіз алғысымыз бен ризашылығымыздың көрінісі. Бұл біздің елдердің мәдени мұрасын танытатын және мәдени мұраның жарқын әрі екпінді болуына үлес қосатын барлық суретшілер мен орындаушыларға тағзым. Осы қиын-қыстау кезде көршілер, бейтаныс адамдар және айналасындағы адамдарға үнсіз көмектесетін сансыз тұлғаларға арнау және құрмет белгісі. Әлемге Корона вирус және өзге көптеген сынақтармен күресті біз міндетті түрде БІРІГІП қана жеңетініміз туралы хабар.

Шамдарды жағыңыз, алдыңғы шептегі жұмысшыларға қошемет көрсетіңіз, мұқтаждарға қайырымдылық жасаңыз, қарттарға бос уақытыңызды бөліңіз, ерікті жұмысқа ашық болыңыз; қай жолмен болмасын, бұл орындауды ұнатасыз және осы «біріккен күресті» жалғастыру үшін шабыт аласыз деп үміттенеміз.

Бұл ән Үндістанның Сыртқы істер министрлігімен (СІМ) бүкіл әлемге арналған. ICCR - бұл халықаралық өзара түсіністік орнатуға, Үндістан мен басқа елдердің арасындағы тығыз мәдени байланыстарды дамытуға және Үндістанның шетелде жұмсақ күшін құруға арналған СІМ-нің дербес ұйымы.


Барлық жаңалықтар