• Басты
  • «Назарбаев дәуірінің» жауапкершілігі жоғары - Н.Әбіқаев
24 Сәуір, 2020 13:16

«Назарбаев дәуірінің» жауапкершілігі жоғары - Н.Әбіқаев

Қазақстандағы президенттік институттың құрылуы туралы Strategy2050.kz тілшісіне «Отандастар қоры» ҚЕАҚ президенті, мемлекет қайраткері Нұртай Әбіқаев баяндап берді.
 «Назарбаев дәуірінің» жауапкершілігі жоғары - Н.Әбіқаев
«Қазақстандағы президенттік институт туралы, оның құрылуы мен қызметі, Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жайында қысқаша айту мүмкін емес. Бұл тақырыпқа салмақты ғылыми сараптамалар мен зерттеулер арналды. Институттың құрылуы маңызды деген мысалдар мен түсініктерді айтып бергім келеді. Елбасының көптеген жарияланымдарының арасында 2009 жылы америкалық "Геральд трибюн" ("International Herald Tribune", қазір ол басылым " International The New York Times" деп аталады) халықаралық газетінде жарияланған "Жауапкершілік жүгі" атты мақаласына ерекше тоқталды. Мақалада жаңа санаттың валюталарын құру баяндалғанымен, жаңа ыдыраған әлемнің құрылуына салынған 10 жыл бұрынғы нақты жол бейнеленген», - деді Н.Әбіқаев.

Мемлекет қайраткері бұл жерде маңызды сөз «жауапкершілік» болып отырғанын жеткізді.

«Осы қасиет Нұрсұлтан Әбішұлы сынды тұлғаны, жетекші мен көшбасшысыны өмір бойы қай істе болмасын сүйемелдеп келеді. Президенттің лауазымы 1990 жылдың 24 сәуірінде құрылып, бекітілді. Оған Нұрсұлтан Әбішұлын сол кездегі Қазақ КСР Жоғары Кеңесі сайлағанын білеміз. Сол кездің өзінде ол Қазақстанның Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы еді», - деді ол.

Н.Әбіқаев ол кездері кеңестік алып держава мен КОКП Орталық Комитеті басқаратын әкімшілік-әміршіл жүйе құлдырағанының куәсі болғанын айтты

«Барлық кеңістікте, оның ішінде республикаларда күйзеліс басталып, кәсіпорындар тоқтап, кедейшілік орын алды. Орталыққа бірізділікпен барлығы бағынып жүрген Горбачев пен оның командасында ешқандай жоспар жоғы анықтала бастады. Қателіктер саны геометриялық заңдылықпен көбейе бастады. Кремль шынайы істердің ауылынан мүлдем алыс болды, біртіндеп әлеуметтік жарылысқа жақындай бастады. 1991 жылдың тамыз айында Мәскеуде тамыздық бүлік орын алып, оқиғаны одан әрі ушықтырып жіберді», - деп баяндады Н.Әбіқаев.

Ол атап өткендей, осы сынды жағдай Қазақстанның саяси әрі экономикалық саласында да орын алды.

«Жоғарғы кеңесте ескірген кеңестік тәртіп бойынша сайланатын парламенттер бірінен соң бірі ауыса бастады. Оның құрамында саяси партияларды басқарған не білімі, не идеясы мен халықтың сеніміне ие болмаған өршіл көшбасшылар ортақ тіл табыса алмады», - деді ол.

Мемлекет қайраткері Парламентті таратуға айқын мысал ретінде 1994 жылдың наурызында болған оқиғаны айтуға болатынын жеткізді.

«Бірінші күннен бастап-ақ, депутаттар мен атқарушы билік арасында келіспеушілік туындады. Экономиканы жедел көтеру үшін халық қабылдауына беймәлім бірқатар нормаларды қабылдау қажеттігі туды. Алайда, популистік мақсаттарды көздеген депутаттық корпус оларға тосқауыл қоя берді. Өзінің қысқа тарихында аталмыш парламент санаулы заңдарды қабылдап үлгерді. Реформалардың жүзеге асуы азаматтық және салық туралы, банкрот туралы, шетелдік инвестициялар туралы кодекстерінің болмауынан шектелді. Бір сөзбен айтқанда парламенттің жұмысы тоқтады, осылайша оның құрамын өзгерту аса маңызды болды», - деп тарихты еске алды ол.

 Н.Әбіқаев «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, Абылайхан сайлау округінде сайлау кампаниясы кезінде сайлау туралы заңнаманың бұзылғаны туралы дерек тіркелгенін айтты.

«Депутаттыққа үміткер Татьяна Квятовскаяға қатысты деректерді аша келе, Конституциялық сот осыған ұқсас бұзушылықтарды өзге округтерден де анықтады. Бұл барлық сайлау қорытындысын жарамсыз етіп, парламенттің толық құрамын лигитімді емес деп таныды. Жаңа сайлауға дейін уақытты заңдарсыз өткізу қажет емес екенін түсіне отыра Конституциялық сот Президентке жаңа депутаттық корпус сайлауына дейін уақытша қосымша заң шығару өкілеттігін жүктеді. Бұл сол кездегі ең дұрыс қадам екенін көрсетті. Аз уақыттың ішінде Н.Назарбаев экономикалық реформаларды ілгерілендіруге бағытталған 136 жарлықты шығарды. Кейін олардың барлығы жаңа парламентпен бекітіліп, ҚР заңы деген мәртебені алды. Олар елдің экономикалық дамуына қозғаушы күш болды. Бұл да Нұрсұлтан Назарбаев өзіне алған үлкен жауапкершілік пен күрделі істің бірі болды», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл кейіннен болған оқиға.

«Ал сонау 90-шы жылдардың басында дағдарыс пен жалпыға ортақ аласапыраннан шығу қиынға соқты. Нұрсұлтан Әбішұлы болып жатқан жағдайды тыңғылықты зерделеп саяси қайсарлық танытты. Күшейіп бара жатқан құлдыраудың басын қайтару үшін бірегей дұрыс іс-шаралар жоспарын жасақтады. Алғашқы қадам ретінде ол жалпыұлттық президенттік сайлау өткізуді көздеді. Сайлау лауазымға лигитімділік пен жаңа мемлекет пен заманауи қоғам құру мақсатындағы президенттік институтқа қажетті құқықтық қызметтерді беретін еді. 1991 жылдың 1-желтоқсанында сайлау өтті. Нұрсұлтан Назарбаев 98,78 пайыз дауысқа ие болып жеңіске жетті. Сайлаушылардың қатысуы 88,2 пайызды құрады», - деді ол.

Н.Әбіқаев еске салғандай, 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы күшіне енді.

«Заң шығару үрдісіне Н. Назарбаевтың өзі де қатысты. Ол жаңа саяси-конституциялық негізінде біздің мемлекеттің құрлысын қалыптастарды. Қазір көптеген саясаткерлер сол кезде жауапкершілікпен қоса саяси рух пен адами қайсарлықты жинастырудың қаншалықты күрделі екенін елестете алмайтын да шығар. Одан әрі жасалатын тарихи қадамдар мен жалпыадамзаттық және саяси бастамаларды бастау оны Ұлт көшбасшысы етті. Әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлердің деңгейіне шығарды», - деді ол.

Мемлекет қайраткері ТМД-ның құрылуы, Семей ядролық полигонының жабылуы, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы ОБСЕ-дегі төрағалық пен АӨСШК құрылуы және өзге де бітімгершілік бастамаларын еске түсіру жеткілікті екенін алға тартты. 

«Біз, яғни қазақстандықтар үшін жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылуы, Қазақстанның Конституциясы, өңірлік әрі әлемдік орталыққа айналып үлгерген елорданың ауысуы мәртебе. Бұл саяси, экономикалық және саяси реформалардың жүйесі. Оны бізді қиыншылықтармен күресуге, алға ұмтылуға, жаңа уақытқа бейімделуге үйреткен «Назарбаев дәуірі» деп атауға болады. Дер кезінде қайсарлық танытып, жауапкершілікті мойнымызға ала білу керек. Нұрсұлтан Назарбаев әлі күнге дейін жауапкершілікті берік ұстанып келеді», - деп түйіндеді Нұртай Әбіқаев.
Аягөз Құрмаш
Барлық жаңалықтар
34.200.252.156, 192.168.88.100