- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр баяндама жасады.
Осы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, аз қамтылғандар мен жастар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатарынан 32 мыңнан аса отбасы жалға берілетін және кредиттік пәтерлермен қамтамасыз етіледі.
«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелеу бағдарламасы аясында қазіргі кезде отандық құрылыс индустриясы бойынша 178 млрд теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылып жатыр (шыны, арматура, санфаянс, керамика тақташалары, лак бояуларын шығару). Оларды іске қосу тұрғын үй құрылысында қазақстандық үлесті 95%-ға арттыруға және 8 мыңдай жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
«Қазіргі жағдайдағы Үкіметтің ең маңызды міндеті – құрылыс қарқынын ұлғайту, халықты тұрғын үймен қамту, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру. Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың адам жұмыс істейді», — деп А. Мамин, құрылыс саласының экономиканың негізгі драйверлерінің бірі екенін атап өтті.
Премьер-Министр құрылыс маусымын уақытында бастауды, жоспарланған тұрғын үй көлемін беруді және бөлінген қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Үкімет басшысы әкімдерге құрылыстың жедел қарқынын қамтамасыз етуді, қаржыландыру жоспарларын түзетуді және бұған дейін мәлімделген мерзімдерді қайта қарауды, сондай-ақ құрылыстың мәлімделген көлемі бойынша барлық жобалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауды тапсырды.
А. Мамин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс индустриясы жобаларының уақытылы енгізілуін қамтамасыз етуді және отандық жаңа өндірістерді құру жұмысын жандандыруды тапсырды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі

