• Басты
  • Нұр-Сұлтан - бітімгершілік жолындағы бастамалардың бесігі – сарапшы
16 Қазан, 2019 16:56

Нұр-Сұлтан - бітімгершілік жолындағы бастамалардың бесігі – сарапшы

Бірнеше жылдан бері елордадамыз Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық деңгейдегі келіссөздер, бітімгершілікке шақырған кездесулер, форумдар өткізіліп келеді. Оның ішінде, ЕҚЫҰ Саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Сирия жөніндегі Астаналық процесін атап өтуге болады. Осындай ғаламдық шараларды өткізіп, әлемдік бейбітшлікке үлес қосып жүрген астанамыз Нұр-Сұлтан- бітімгершілік жолындағы бастамалардың бесігі, дейді Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты насихаттау департаментінің директоры, Қарлығаш Қалилаханова, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

   Нұр-Сұлтан - бітімгершілік жолындағы бастамалардың бесігі – сарапшы

 «Біз тәуелсіздік алған жылдардағы жеткен жетістіктеріміз туралы мақтанышпен айта аламыз. Қазақстан жаңа геосаяси дәуірге ене отырып, қазақстандықтардың құндылықтарын сақтауды жалғастырып келеді. Елдегі рухани келісім, ынтымақстастық, бірлік, отанымызды мекен ететін әртүрлі ұлыс өкілдерінің жоғары деңгейдегі қарым-қатынасы - тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай қорғауымыз қажет», - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу үшін жалпы адамзаттық құндылықтарға біріктірілген руханиятқа ие болуымыз керек.

«Отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін біз ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға біріктірілген руханиятқа ие болуымыз керек. Ең бастысы, жаһандық әлемде де, еліміздің ішкі саясатында да бір ортақ идеологияға бірігіп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етуіміз керек. Еліміз, оның ішінде елордамыз көптеген бітімгершілік бастамалардың бесігі болып саналады. Мәселен, 18 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтті. Онда жаһандық күн тәртібін дайындау бойынша шаралар қабылданған болатын», - деп атап өтті Қарлығаш Қалилаханова.

Сонымен қатар, Қарлығаш Қалилаханова атап өткендей, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі съезі тарихи болмақ, себебі ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келетінін айтты.

"Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі съезі 2021 жылы өтеді. Ол біз үшін тарихи сәт болмақ. Себебі, 2021 жылы отанымыздың тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Бұл сондай тарихи датамен сәйкес келеді. Біз қазіргі ұрпақтың қалыптастырған ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ, тәуелсіздігімізді болашақ ұрпаққа абыроймен табыстауымыз керек", - деп сөзін аяқтады.
Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды