• Басты
  • ҚМДБ Қадір түніне қатысты үндеу жасады
18 Мамыр, 2020 13:03

ҚМДБ Қадір түніне қатысты үндеу жасады

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Қадір түнін үйде өткізу туралы  үндеу жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
 ҚМДБ Қадір түніне қатысты үндеу жасады

«Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанымен, жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ. Бұл – карантин режимінің талаптарына бағынып, сақтық шараларына аса мән беруіміз қажет деген сөз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас санитарлық дәрігердің карантиндік режимнің кезеңдік талаптарын сақтау бойынша қаулысын негізге алып және қазіргі жағдайды ескере келе, жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты қойған уақытша шектеуді өз күшінде қалдырды.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес осындай шешім қабылданды. Ал жамағатпен оқылатын намаздардың мерзімін алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз. 

Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. 19 мамырда мешіт таңғы сағат 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізу қажеттігін қаперлеріңізге саламыз. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шешім. Осы Үндеуге түсіністік танытып, карантин талаптарын сақтайсыздар деген сенімдеміз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Қадір кешінде Құран хатым дұғасын, уағыз-насихат пен пайдалы дәрістерді онлайн режимде өткізеді. Үйде отырып, онлайн режимде дұғаға қатысып, насихат тыңдауға толық мүмкіндік бар.

Осы ретте барша қауымды қасиетті Қадір түнінде Түркістан облысындағы тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге дұға жасауға үндейміз», - делінген үндеуде.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды