• Басты
  • Қ.Майгелдинов: Сенаттың заң жобасына енгізген ұсыныстары маңызды
14 Мамыр, 2020 13:12

Қ.Майгелдинов: Сенаттың заң жобасына енгізген ұсыныстары маңызды

Сенат «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарып берді. Сенаттың ұсыныстары заң жобасының жетілдіруіне қаншалықты үлес қосатыны жайында саясаттанушы Қазбек Майгелдинов айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Қ.Майгелдинов: Сенаттың заң жобасына енгізген ұсыныстары маңызды
«Бейбіт жиындар туралы заң жобасының алғашқы нұсқасы сарапшылар мен азаматтық қоғам арасында кеңінен талқыланып, сынға ұшыраған болатын. Бірінші оқылымға дейін бірқатар өзгертулер енгізілген. Сенаттың Мәжіліске заң жобасын қайта жетілдіруге қайтаруы-заңды құбылыс. Себебі, билік пен қоғам арасындағы байланыс жаңа сатыға өтті. Бейбіт жиындар туралы заң жобасы азаматтық қоғамның белсенділігін көрсетіп отыр. Заң жобасына Сенаттың енгізген ұсыныстары маңызды. Мысалы, ұйымдастырушыларға қойылатын талаптар саны 10-ға дейін азайтылды. Сонымен қатар, бейбіт жиындарды өткізуге қатысты шектеулер саны да 10-ға дейін қысқартылды», - деді ол.

Саясаттанушы атап өткендей, осыған дейін бейбіт шерулерді өткізуге қатысты орындарды тағайындау азаматтық қоғам тарапынан сынға ұшыраған болатын.

 «Қазір ресупбликалық маңызы бар қалаларда арнайы өткізілетін орындардың 3-тен кем емесі орталық алаңдарда ұйымдастырылуы тиіс. Мәселен, елорда мен Алматы, Шымкент қалаларында халық санына байланысты орындар саны 12-ден кем болмауы тиіс, ал Алматыда 24-ке жетуі керек. Бұл нақты заңнамада белгіленетін болады. Коронавирус пандемиясы бойынша жаңа талаптар да ескерілген. Ұйымдастырушылар медициналық масканы кимеуге ешқандай талап қоймайды. Заңнаманың алғашқы нұсқасында маскамен шығуға тыйым салынған болатын. Енді бұл тармақты түгел алып тастауға ұсыныс тасталып отыр. Бұл ұсыныстардың барлығы заңнаманы толығырақ жетілдіруге бағытталған. Мәжіліске қайтарылған заң жобасы тағы бір мәрте азаматтық қоғам мен сарапшылардың ұсыныстарымен жетілдіріледі», - деді ол.

  Қ.Майгелдинов атап өткендей, заңнама демократиялық ұстанымдарға сай келіп отыр.

  «Заңнама 6 ай бойы талқыланды. Бұл билік пен халық арасында нақты байланыстың орнатылғанын көрсетеді. Сол сияқты сайлау, саяси партиялар туралы заңнмаларға қатысты Ұлттық кеңес сарапшыларының ұсынысы бар. Бейбіт жиындар туралы заң жобасының осындай деңгейде талқыланып, қарастырылуы өзге заңдардың да халықпен санасуы арқылы қабылдануына алғышарт болады. Заң жобасының осындай деңгейде қарастырылуы –позитивті тенденция», - деді Қазбек Майгелдинов.

Айта кетейік, Сенат депутаттары Мәжіліске "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын, сондай-ақ "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы заң жобасын қайтарып берді.
Фото: ашық дереккөз
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды